Сынып сағатының тақырыбы: «Маскүнемдік — ауыр дерт»

Сынып сағатының тақырыбы: «Маскүнемдік — ауыр дерт»

Мақсаты:    Оқушыларға жаман әдеттен құтылып, бала  жастан сыра, темекі, араққа  жол  бермей , жақсы істерге  бет  бұрыс  жаса  жасау .

Көрнекілігі: плакаттар, ұлағатты  сөздер.

             Ауыр дерт-маскүнемдік, нашақорлық пен еңбексіз табысқа қарсы күрес, республикамызда  күн санап күшеиіп келеді.

Темекінің тынысалу мүшесіне зияны.Оның түтінінде өте улы зат-никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен тыныс алады, ал ауаға түтін тарайды.Бұл түтінің ішінде улы газ,шаң және күйе болады. Шылымның  күніне  20-сын тартқан адам 90 мг никотин жұтады. Алғашқы темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүргі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.Темекі тынысалу мүшелерінің бәріне әсер етеді. Никотин тынысалу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Неғұрлым адам өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына  жиі шалдығатындығы  ақиқат. Шылым шегуден адам өмірі қысқарады. Және де шылым шекеннен ағзадағы өкпе қабынады да туберкулез ауруы пайда болады.Темекі түтінінде радиактивті заттар болады.

 

Алкоголь – есірткі зат. Этил спирті – ашытқы саңырауқұлақтарының, тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілетін затты айтады. Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегінде қабілеттілікті көру өткірлігін төмендетеді. Қимыл үйлесімділігі мен әр түрлі әрекеттерді орындау дәлдігін нашарлатады. Алкогольді үнемі қабылдау маскүнемдік деп аталады. Бұлар қауіпті аурудың тууына себепші болады. Алкогольді үнемі қабылдау, аталық жасушамен, аналық жыныс жасушаларының зақымдануына кері әсер етеді. Бұл жағдайда бойы мен дене салмағы кем, нашар жетілген, түрлі ауруларға шалдыққыш бала өмірге келуі мүмкін. Маскүнемдіктен туылған балалардың есте сақтауы нашар, талдау қабілеті жойылатыны байқалады. Алкогольді жиі пайдаланғанда олардан туған баланың орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданып, ұстамалы ауруға жиі ұшырауы мүмкін. Нәрестенің дамуына алкоголь ішімдіктер өте зиянды. Темекі тарту, есірткі қабылдау, ұрықтың дамуына әсері тиеді. Сонымен  шылым шегушілер арасында көп тараған ауру – стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын  әлсіздік және ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын  түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктіге әкеліп соқтығуы мүмкін.

 

Қоғамымыздағы салауатты халықтың негізгі тобының құрайтыны, алкогольді ішімдікті тартып алмайтын азаматтар. Маскунемдікпен алкоголизмге, нашақорлыққа қарсы күрес әлсіреген жерде бұл құбылыс жиі кездеседі. Алкогольді ішімдіктер мен анашаны белгілі бір жүйелі мерзімде есеппен қабылдап тұратын, айнымалы тұтынушылар.

 

Қорытынды:Балаларға маскүнемдік  туралы түсінік беріліп,арақ, сыра ,темекі, насыбайларды пайдаланған кездегі жасөспірімдерде  пайда  болатын ауру түрлерін өздігінен оқып үйренуге тапсырма берілді.