Психологиялық тренинг Мен және менің ортам

Психологиялық тренинг

 

Тренинг тақырыбы:  « Мен және менің ортам»

Тренинг мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг міндеттері:

— адамдар арасындағы қарым — қатынастың мәнін түсіну;

— өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;

— сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;

— сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Тренинг құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) топқа бөлу, амандасу – «таныстыру» жаттығуы

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау:

а) топта жұмыс істеу ережесі /әр тапсырмаға уақыт беру/

ІІІ. Негізгі бөлім:

а) «Автопортрет» жаттығуы

б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы

в) Оқушының сипаттамасы /постер/

ІV. Қорытынды бөлім:

а) «Жүйрік ой» жаттығуы.

б) «Кері байланыс» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, тренинг сәтті өтуіне тілек айту, топқа бөлу/

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау:

-Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг сабағы. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым — қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

а) Тренингке дайындық, топта жұмыс істеу ережесі:

— Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.

1.Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

  1. Болып жатқанға белсенді қатысу.
  2. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
  3. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
  4. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.

ІV.Негізгі бөлім:

а) «Автопортрет» жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушыға бір беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 5 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет — әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым — ишараларыңыз болса т.б…

б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.

в) Оқушының сипаттамасы /берілген тапсырма бойынша оқушының жақсы, жаман тұстарын талқылау, постер/

ІV. Қорытынды бөлім:

а) «Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/

— Маған қажет қасиеттер, мыналар……

— Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ……

— Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі …..

— Мен айналамдағы адамдардың … қалаймын
— Менің ең асыл арманым…
— Менің мінезімнің … маған ұнамайды
— Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар …..

— Мен … қатты қиналамын
— Адамдардың… маған ұнамайды

— Мен ол адамнан қатты көңілім қалды, себебі….
б) «Кері байланыс» жаттығуы

Оқушылар тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді, үлестірмелі карточкалар /стикер/ арқылы анықтау.

— Тренингте ең бірінші не ұнады?

— Не ұнаған жоқ?

— Өзің жаңадан не білдің?

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.