Дос болайық бәріміз ертеңгілік
Құттықтау: Құрметті қонақтар!
баршаңызды бірінші мамыр бірлік, достық мерекесімен құттықтаймыз!
Мөлдір:
Мамыр келді,мамыркелді, шық тысқа!
Қып-қызыл күн дөңгеленді шығыста.
Көк алаңға қонды түсті жалаулар
Мамыр келді, ерте тұрып қараңдар.
Ару:
Бұл өлкенің таңы қандай арайлы!
Адам түгел,тас күлімдеп қарайды
Алып завод беріп таңның хабарын.
Шымырлатты жан жүйесін қаланың
Алтын кірпік, дөңгелек көз күлімдеп,
Мамыр келді,желкілейді көк желек.
Жамиль:
Қарады күліп күн көктем
Шарлады ән-күй даланы
Басталды әсем гүл көктем
Басталды мамыр парады
Мадияр:
Жанары,жайрақ жүзі нұр.
Көрікті еді мамыр қандай
Айнала-алау қызыл гүл
Алқызыл жібек жайғандай.
Еркеназ:
Жасарып шықты күміс бақ
Жайқалды гүлдер алапта
Жасампаз қолмен ту ұстап
Жас ұлан шықты парадқа
Көгершін қонды қонаққа
Кең дала әсем естіді үн
Жайдары жастар ең алды
Ән: «Мамыр жыры»
Залға көгершін киімін киген бала кіреді
-Балалар бұл,көгершін құсы, бейбітшіліктің,достықтың белгісі.
Сұрақтар:
1)Балалар1-ші мамыр қандай мейрам?
2)ынтымақ,бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?
3)ал достық дегенді қалай түсінесіңдер?
мақал-мәтелдер:(достық, еңбек, бірлік туралы)
Айсұлтан:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын кең аспан
Құралай:
Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытқа
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауыл
Інжу:
Ақ,қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз
Алихан:
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір қалада ұрамыз
Бір мектепке барамыз
Шахназ:
Ақпыз, қара ,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
ортақ болсын асқар тау.
Жеміс толы бақша бау
Айкөркем:
Болсын жер мен су да ортақ
Болсын жалау бізде ортақ
Ақпыз, қара ,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Залға өзге ұлтболып киінген балалары кіреді /құттықтау/
Ән: «Достық»
Ойын: «Достық»
(Қыздар шарлармен )
Қызыл, жасыл, көк, сары.
Ақ көгілдір әуе шары,
1-ші мамыр той күінде.
Қаламызға жарасады,
Алуан түсті әуе шары.
Ақ бұлттармен жанасады,
Сәлем айтып бар әлемге.
Әсем шарлар тау асады.
Би: «Шарлармен, ленталармен, гүлдермен»
Азиза:
Алаулап гүл тұрады,
Туған жер құлпырады.
Бейбітшілік болса!
-Түрленіп бақша бауы,
Тіршілік жақсарады.
Бейбітшілік болса!
Үйлерде құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса!
Балалар болады аман,
Аналар болады аман.
Бейбітшілік болса!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»