Мектептегі туристік- экологиялық клубтың оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеудегі ролі

Мектептегі туристік- экологиялық клубтың оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеудегі ролі.

 

Туризм тарихтық және дүниетанымдық білімді қалыптастыруда үлкен көмек көрсетеді, табиғат байлықтарын белсенді түрде қорғау мен қадірлеуге үйретеді. Туристік жорықтар, саяхаттар, көбінесе, ұжымда жүргізілетіндіктен бірінің екіншісіне тәуелді болуы кезінде міндетті түрде бір-біріне мұқият қарым-қатынасты өзінің жеке мүддесінен жоғары қоя отырып,  ұжымшылдық рухында, қарқынды тәрбиелеу үшін өзіне деген сенімділік, шыдамдылық, дербестік, табандылық көмекке келуге әрдайым дайын тұрушылық және тағы басқа мінез-құлықтың құнды ерекшеліктерін қалыптастыру үшін үлкен мүмкіншіліктер береді. Тәрбиенің жемістілігі туристік жорық кезіндегі әсердің қаншалықты терең және қиындық дәрежесіне байланысты. Туристік жорықтардың туризм формасы ретінде бірнеше түрі болады: туристік саяхат, жаяу туристік жорық, су бетінде саяхат жасау, велосипедте, шаңғы жорығы, т.б. Жорықтар қатысушы оқушының өзінің денесінің жұмыс қабілеттілігін арттырады, бақылау мен зерттеу арқылы өзінің өлкетанушылық танымын тереңдете түседі, ел мен адамдарды танып, өзінің ұжымдағы тұлғасын қалыптастырады. Әр мектепте осы туризмнің формаларының бірін таңдап, оқушыларға арналған клубтар ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Менің ойымша, географиялық – экологиялық клуб оқушылардың тек қана пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жалпы спорттық және дене тәрбиесіндегі кешенді түрде білім беру тәрбиелеу және сауықтырудың сондай-ақ өмірге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттыратын маңызды құрал қызметін атқарады. Географиялық-экологиялық клубта жетекші туристік жорыққа шығушының қызығушылына байланысты жаяу жорықтық эстетикалық танымдылық және туризм негіздерін үйрететін мақсатта шараларды ұйымдастырады. Онда клуб жетекшісі негізінен оқушыларға теориялық және практикалық білім беріп қана қоймай, оқушылардың денсаулығының нығаюы мен сергуіне басты назар аудару керек. Міне мектеп оқушылары  арасында жаратылыстану ғылымының сабақтарында ұйымдастыруға болатын туристік шара осындай. Клубтағы оқушылардың жорыққа барудағы мақсаты мен міндеті – жас ұрпақты шыдамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеуде және олардың танымдық қызығушылын арттыруда орасан зор маңызы бар.  Мектеп жанандағы туристік клубты жоғарыда аталған бағыттарда жүргізуге барлық мектептер үшін мүмкіндіктер бар. Меніңше шәкірттерді үздіксіз экологиялық бағытта оқыту мен тәрбиелеудің бірден-бір сара жолы ол    туристік-экологиялық клуб құру арқылы жүзеге асырылатын кешенді үрдіс. Ол үшін шәкірттерді туған табиғаттың тылсым сырларын көркемдеу арқылы қызықғушылығыен арттыру арқылы оған деген сүйіспеншіліктерін ояту, аялы алақандарымен қорғауға тәрбиелеу.Қазіргі таңда табиғат аясында дем алушылардың экологиялық мәдениеттілігінің өте төмен екенін ескере отырып, клуб жұмысының бірінші күнінен бастап шәкірттерді  табиғатта адам өзін-өзі ұстау кодексі мен статегиясын үйретуден бастаған дұрыс деп ойлаймын. Келесі оқытуларда табиғат жағдайында бейімделу шараларын үйрету абзал. Бұл практикалық оқытуларда шәкірттеріміз туристік құрал-  етуге бейімделу, алғашқы медициналық және экстримальді жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге  үйрету қажет. Экологиялық жорыққа шәкірттерді даярлағаннан кейін оны  белгілі бір мақсатта өткізуді жоспарласа оңды нәтижеге жеткізуі сөзсіз. Өйткені шәкірт жадында тек табиғатта сауық сайран салып дем алу кезеңдері ғана қалыптасып қалуы мүмкін. Сондықтан табиғат ортасында туып онымен етене жақын тіршілік ететіндіктен оның компонентерін зерттеу мен қорғау әдістерінде үйрету ұстаз міндеті.

Нәтижесінде:                                                                                                                                           І. шәкірттердің қызығушылығы оянып, депрессиялық стресстік жағдайдан арылады, туристік-экологиялық біліктілік пен дағдылықты өз бойларына қалыптастыра алады.

ІІ. Табиғатта өзін-өзі ұстау стратегиясы мен экологиялық мәдениеттілікке үйренеді (ас қалдықтарын, консервілерді, полиэтилен ыдыстар мен қалталарды өртеп, топырақ жамылғысына көміп тастайды.)

ІІІ. Аңдар мен құстарды үркітпей, «Қызыл кітапқа» тіркелген  гүлдер мен өсімдіктерді зақымдамай, олардың қорғалуы туралы үйренеді.

  1. Алғашқы медициналық көмекпен төтенше жағдайда бірін-бірі қорғау мен қолдауды үйреніп ынтымақтастыққа, адамгершілікке, бірлікке үйренеді.
  2. Палатканы қайда, қандай әдіспен құруды үйреніп біледі.
  3. От жағу тәсілдерін, отынды отқа орналастыру әдістерін үйренеді (мысалы, ноздья, жұлдызша, таежный, аңшыларша)

VII. Асты далалық жағдайда әзірлеуді үйренеді, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейтін дәстүрлерді меңгереді, алау қасында бірігіп ән шырқап, тілектер айтуды үйренеді.

VIII. Табиғат құбылыстарын алған теориялық білімдері бойынша далалық стационарлық жағдайда практика жүзінде оқып үйренеді.

Міне осылайша, табиғат аясында топпен қызғушылықтары ортақ  достарымен бірегей дем алып, табиғаттың қыр-сырын меңгеруге құштарланған бала өмірдегі сәтсіздіктерден біртіндеп арылып өмірге деген сүйіспеншілігі арта түседі.