Физика пәнінен тарихи танымдық ойын «Поле чудес»

Физика пәнінен тарихи танымдық ойын «Поле чудес»

Мақсаты:

Оқушылардың танымдық, ойлау, жылдамдық, шығармашылық қасиеттерін арттыру;

Физика ғалымдары туралы оң көзқарастар мен пікір қалыптастыру;

Патриоттық азамат болу.

 

Құрал — жабдықтар: презинтация, суреттер, сыйлықтар.

 

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, физика.

 

Ойын барысы:

Ойынның шарты

Ойыншы ойын барысында барабанда мынадай сектордағы әріптер кездеседі.
Жүлде (Приз) — ойыншы таңдайды: ойынды жалғастыра алады немесе сыйлықты алып ойыннан шығуды, бірақ қара жәшігінде жасырын жүлде .
Банкрот (Б) — ойыншы қойған ұпайлары, күйіп кетді де бұрылысы келесі ойыншыға өтеді.

Х2 — егер ойыншы дұрыс әріпті тапса, онда ұпай саны екі есе ұлғаяды.

Плюс (+1) — ойншы кез келген әріпті аша алады, егер ол әріп бірнешеу болса, барлығы да ашылады.

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді. Көптеген ұлы адамдар өздерінің бүкіл өмірін біздің әлемді басқарып отырған физиканы және оның заңдарын зерттеуге арнады. Физиктер бүкіл әлемдегі технологияның дамуына үлкен үлес қосты және көптеген проблемаларды тиімді түрде шешу жолдарын тапты.

Бірінші үштікті сахнаға шақырамыз.

Сұрақ:

Ол б.з. дейінгі 287 жылы Сицилияның портты қаласы Сиракузда дүниеге келдіОл математик, физик және астроном еді. Алтын тәж туралы белгілі тарихи әңгіме оның бұрыс пішінді дененің көлемін қандай әдіспен тапқандығын көрсетеді. Ол кім?

Оның әйгілі заңы: сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан шамасы ығыстырылған сұйықтың салмағына тең болатын кері итеруші күш әрекет етеді.

Жауабы: (Архимед б.з. дейінгі 287 жылы Сицилияның портты қаласы Сиракузда дүниеге келді.)

Барабан айналады.

Екінші  үштікті сахнаға шақырамыз.

Сұрақ:

Ол 1643 жылы 1 каңтарда Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторпта дүниеге келді. Ғалымдар оны  ұлы тұлғалардың бірі деп есептейді. Оның гравитация туралы ашылған жаңалықтары физиканың дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен бірге, онның классикалық физикадағы үш заңы өте маңызды, олардың негізінде гравитациялық заң тұжырымдалды. Призма арқылы өткен ақ жарықтың әр түрлі түске жіктелуін зерттей отырып.Ол оптика саласына да үлкен үлес қосты.

Барабан айналады.

Жауабы: Исаак Ньютон 1643 жылы 1 каңтарда Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторпта дүниеге келді.

Үшінші  үштікті сахнаға шақырамыз.

Сұрақ:  Германия империясының Вюртемберг Корольдігінде 1879 жылдың 14 наурызында дүниеге келді. Ол — атақты физиктердін бірі. 1921 жылы ол өзінің салыстырмалылық теориясы үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл теориясы бойынша вакуумдағы жарық жылдамдығы тұрақты және ол қозғалыс жылдамдығының абсолюттік физикалық шегі болып табылады. Ол әйгілі теңдеуді Е = тс2 тұжырымдады, онда масса мен энергияның байланысы анықталады.

Барабан айналады.

Жауабы: Альберт Эйнштейн Германия империясының Вюртемберг Корольдігінде 1879 жылдың 14 наурызында дүниеге келді.

Финалға үш үштіктің ішінен шыққан жеңімпазды шақырамыз:

Сұрақ: Ол француз физигі 1623 жылы 19 маусымда дүниеге келді. Ол өзінін физика және математика саласындағы таңғаларлық жетістіктерімен атақты. Оның Руанда білім алуына әкесі ықпал етті, сондықтан ол ерте жастан бастап жаратылыстану және қолданбалы ғылымдармен айналысты. Аққыш заттар, қысым мен вакуум туралы түсініктерді қалыптастырды. Сондай-ақ, ол алғашқы сандық есептегіш машинаны ойлап табу арқылы да танымал болды, бұл техниканы әкесіне салықты жинауға көмектесу мақсатында пайдаланды. Бұл қондырғы 1940 жылдардағы механикалық есептегіш машиналарға ұқсас, оны «Паскалина» деп атады.

Барабан айналады.

Жауабы: Блез Паскаль, француз физигі 1623 жылы 19 маусымда дүниеге келді.

Жеңімпазымызды «Супер ойынға » шақырамыз.

Сұрақ:(1818 ж. 24 желтоқсан – 1889,  11 қазан)  Ол ағылшын физигі және сыра қайнатушы ол термодинамиканың бірінші заңын тұжырымдады. Ол энергияның сақталу қағидасын, жылу табиғатын зерттей отырып, жылу мен энергияның баска түрлерінің тең мөлшерлі болатынын және оның механикалық жұмыспен өзара әрекетін қалыптастырды. Оның тағы бір заңы өткізгіштегі токтың, кедергінің және откізгіштегі жылу мөлшерінің арасындағы байланысты анықтады.

Барабан айналады.

Жауабы:Джеймс Прескотт Джоуль (1818 ж. 24 желтоқсан – 1889,  11 қазан)

Физика пәнінен тарихи танымдық ойын «Поле чудес»____________________ бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы атанып, «супер призға» да ие болды. Елбасымыздың ерлігін дәріптеп, үлгі алып, жақсы азамат болып, Қазақстан үшін аянбай тер төгейік жас жеткіншек. Тарихымызды, барымызды құрметтеп, үлкен асу белестерден көріне білейік!!!