Тіл білгірі Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тіл білгірі»

Мақсаты: Оқушылардың еліне, тіліне ,ұлтына  деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге  үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.

Көрнекілігі : интерактивті тақта

 

Жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұрлы жұлдыз , бабам тілі, сен қалдың !- деп Мағжан  ақын жырлағандай  құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың  бүгінгі күні 2-3-4 сынып оқушыларымен өткізілетін  «тіл білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазылар алқасымен таныстыру.

 

Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы

Бүгін міне , тіл туралы сайысқа

Әр сыныптың білгірлері  шығады.

 

Олай болса 2-3-4 сынып оқушыларынан құралған  топтарымызды ортаға шақырамыз.

1-топ Білгірлер

2-топ Жүйріктер

3-топ Тапқырлар

Топтар орнымызға жайғассақ сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайысымыз 4-кезеңнен тұрады.

  1. Мәнерлеп оқу.
  2. Сұрақ-жауап

3.Сөйлем құрау.

  1. Мақал мәтел.

Сайысқа қатысушылар дайын болса сайысымыздың 1 кезеңі мәнерлеп оқуға  кезек береміз.Мұнда әр топ басшылары тіл туралы бір өлең оқиды.

Білгірлер тобынынң топ басшысын шақырамыз.

Жүйріктер тобының топ басшысын шақырамыз.

Тапқырлар тобының топ басшысын шақырамыз

Мәнерлеп оқу кезеңінің ұпай сандарын сұраймыз.

2 –кезең  Сұрақ-жауап .

Бұл кезеңде тақтада «Қазақ тілі» деген жазу тұр. Әр топ осы әріптерді кезектесіп бір –бірден әріп таңдайды.Әр әріптің артында сұрақ берілген , сол сұраққа жауап беру арқылы өз ұпайларын алады. Жауап нақты, толық болу керек.

 

Қ-А Құнанбаевтың  Ғылым таппай мақтанба өлеңін айтып бер.

А-Тәуелсіздік күні қашан тойланады? 16 желтоқсан

З-Қазақтың атақты палуаны кім?  Қажымұқан

А-8-наурыз қандай мереке?

Қ-Абай Құнанбаевтың шын есімі кім? Ибраһим

 

Т-Ертегі нешеге бөлінеді? 3

І-Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? Ахмет Байтұрсынұлы

Л-Кез-келген  екі мақал айт.

І-Ыбырай алтынсарин кім?

 

 

Жақсы балалар сұрақ-жауап кезеңінен де мүдірмей өттік.Келесі кезең  сөйлем құрау кезеңіне көшеміз.  Бұл кезеңде әр топқа 2 сөзден беріледі. Сол сөзді қатыстырып сөйлем құраймыз.

Білгірлер тобына –білім және қазақ сөзі беріледі.

Жүйріктер тобына- кітап және жарыс сөзі берілді.

Тапқырлар тобына- бұлақ және мектеп сөзі берілді.

Дайын болған топ сөйлемдерін оқысын.

 

4-кезең Мақал –мәтел кезеңі

Мақал –мәтелдер ата-бабамыздан  қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып , қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы» демекші сайысымызды жалғастырамыз.

ШАРТЫ: мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып мақалды толық айтамыз.Шарты түсінікті ма?

  1. Мектеп кеме, білім ….. (теңіз)
  2. Өнер алды-….. тіл (қызыл)
  3. Ана сүті бой өсіреді

………….. ой өсіреді        (ана тілі)

  1. Тіл жүйрік емес,……. (ой жүйрік)
  2. Әдеп басы….. (тіл)
  3. Тіл жоқ жерде- ұлт …. (жоқ)
  4. Тіл қылыштан…. (өткір)
  5. Ана тілі …. тіл (дана)

 

 

Жүргізуші:

Осы сайысқа қатысып «Тіл білгірі»атағына ие болған топты анықтау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да көп рахмет айтамыз.

Мақтау қағаздарын беру.

 

Біздің тіліміз –ең қымбат мүлкіміз.Ооооооны қорғау,қолдау, өркендету-біздің міндетіміз.ӘР адам өз ана тілінің  болашағына  жауапты.Тәуелсіз еліміздің ертеңі-сендер, өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар осымен жеңіске жеткен топты құттықтай отырып сайысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.