Қазақстан Республикасының рәміздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Сабақтың мақсаты : Балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру, түсіндіру туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : түсінік беру, көрсету, сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың көрнекіліктері: мемлекеттік рәміздер, Астана қаласының суреттері.
Меңгерілетін сөздер: Елтаңба, ту, гимн, рәміз.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Армысыз, қайырымды аспан — ата,
Армысыз, қайырымды жер — ана.
Алтын күн, алтын шуақ,
Қайырлы таң, балалар.
- Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін бізге Гауһар деген қуыршақ қонаққа келіп отыр.
Балалар Гауһармен амандасады.
Гауһармен бірге Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелесейік.
— Біздің елдің өз жері, Елтаңбасы, туы, әнұраны, Елбасы, тілі бар.
— Біздің Республика қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
- Астана қаласы.
- Жақсы, балалар.
— Астана туралы кім тақпақ айтып береді?
Бүгін еңбек қайнаған,
Жасау үшін бақ қала.
Болады ертең жайнаған,
Ақ Астана – бақ қала.
— Еліміздің Президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Өте жақсы.
— Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?.
- Елтаңба, ту, әнұран – мемлекеттік рәміздерге жатады.
- Мына ту.Тудың түсі көгілдір, ортасында күн сәулесі бар, астында қыран құс, шеті өрнекпен өрнектелген.
- Мынау елтаңба. Елтаңба дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар бар, ортасында шаңырақ, астында «Қазақстан» деген жазу бар.
- Сергіту сәті.
Құлпыра берші кең дала,
Гүліңді мен терейін.
Жапырағыңмен жасыршы ,
Қойныңа мен енейін.
III. Біздің елде қандай ұлттар тұрады?
- Украиндер
- Орыстар
- Татарлар
- Өзбектер
- Осы ұлттар қалай тұрады?
- Бақытты, жақсы, тату — тәтті тұрады.
Айтыңдаршы, балалар қазақ тілі қандай тіл?
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Орыс тілі – ұлтаралық тіл.
Ана тілің – арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
« Менің елім» лексикалық ойын.
Мақсаты: Балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Сурет бойынша балалар әңгіме құрастыру қажет.
Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1-ші бала: Отан – оттанда ыстық.
2- ші бала: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
3- ші бала: Отанды сүю отбасынан басталады.
4- ші бала :Жері байдың,елі бай.
Балалар біздің отанымыз қандай?
- Біздің отанымыз кең,әдемі,бай.
- Ал енді отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5- ші бала: Отан – сенің,ата – анаң,
Отан – досың,бауырың.
Отан — өлкең,астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
6 – бала: Қазақстан елім менің
Қазақстан жерім менің
Саған арнап айтылады,
Әнім менің.
— Біздің Республика қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы .
— Еліміздің рәміздері туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ.
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап
-Біз қай мемлекетте тұрып жатырмыз?
-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Біз кімбіз?
— Біз Қазақстандықтармыз.
Белсенді қатысқан балларды мадақтап, еңбектерін бағалау.
Гауһар балаларға ризашылдығын білдіріп, қоштасады.
Балалар: Мереке құтты болсын!