Бала тілі –бал

Бала тілі –бал

Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ — жауап
Көрнекілігі: Теледидар, бейнесюжет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу
Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға үш топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға  екі  сайыскер тобымызды шақырып алсақ.
1 — ші «Балдаурен»тобын ортаға шақырамыз,
2 — ші «Айгөлек» тобын  қошеметтеп ортаға шақырайық.
Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Ширату,
2. Ойлан тап,
3. Бұл қай кейіпкер?,
4. Ертегілер елінде, — деп аталады.
Ендеше 1 — ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
Ойынның шарты: Мен сендерге суретті тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс — әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған әуенді ойыншықтын тетігін басасыңдар. Дұрыс жауапқа үш ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді. Әр дұрыс жауап берген топқа мен мынандай смайликтер беремін. Сайыс сонында өзідерін жинаған смайликтерді санап қай топ жеңімпаз екенің анықтайсындар жақсыма.

Ал сайысымызды бастаймыз.
1сұрақ: Не ұшады?
1) Кеме
2) Қарға
3) Машина
2 сұрақ: Не жүзеді?
1) Ұшақ
2) мысық
3) Балық

3 сұрақ: Доп қай геометриялық пішінге ұқсайды?
1) ұшбұрыш
2) шаршы
3) шеңбер
4 сұрақ: Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?
1) көк
2) қызыл
3) сары
5 сұрақ: Үй жануарын тап?
1) қасқыр
2) сиыр
3) қоян
Кезекті «Ойлан тап»бөліміне берсек. Балақайлар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсініктіме?
1 — ші бейне сұрақ: Ол бізге Жаңа жыл мерекесінде келеді. Оның ақ сақалы,қызыл шапаны бар    (Аяз ата)
2 — ші сұрақ: Ол бәрімізідң  үйімізде бар. Біздер онымен қыста далаға сырғанап ойнаймыз     (Шана)

3 — ші сұрақ: Ол байланыс қызметі. Бәріміздің үйімізде бар. Ол шырылдаса көтереміз. Онымен ағайындармен, достармен сөйлесеміз.(Телефон)
4 — ші сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз жүргізеді. Ол жанармай арқылы жүреді. Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі. Бір жерге барсақ соған мініп барамыз.(Машина )
Балақайлар көзді ашып жұмғанша 3 — ші бөлімге де келіп жеттік. Үшінші бөлім: «Бұл қай кеіпкер?»
Ойынның шарты мынадай: Мен сендерге ертегі кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қоямын. Соған жауап берулерің керек.
1сұрақ: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерді тап?
1) қарға
2) түлкі
3) ит
2 — ші сұрақ: Қызыл телпек ертегісінде қай кейіпкер қатыспайды?
1) Қоян
2) қасқыр
3) Қызыл телпек

3сұрақ: Жеті лақ ертегісіндегі жағымсыз кейіпкерді тап?
1) ешкі
2) лақ
3) қасқыр
Балақайлар соңғы, әрі ақтық бөлімге де жетіп қалыппыз. Олай болса 4 — ші айналым «Ертегілер елінде»
Ойынның шартын түсіндірейін: Мен сіздерге тақтадан ертегілерден үзінділер көрсетем сіздер балалар  сендер оның қай ертегі екенін табасыңдар. Ойынның шартын түсіндіңдер ме?
1ші ертегі: «Шақан»
2ші ертегі: «Жеті лақ»
3ші ертегі: «Қыл телпек»
Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Төрт бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар! Енді  алдарымызда тұрған смайликтерді санайық. Смайликтерді көп жинаған топ женімпаз. Осымен «Бала тілі — бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Балаларды мадақтау, марапаттау.