Хор – вокал сабағы

             І. Хор – вокал сабағының негізгі міндеттері.

 

                                                 Кіші топ.

 

  1. Ән айтуда тыныс алу;
  2. Ән айтуда дұрыс тұру әдістерін меңгеру.

 

Үлкен топ.

 

  1. Кіші топтағы үйренгендерін бекіту.(хорда тұру немесе отыру,тыныс алу

тәсілдері)

 

2.Ән айтар алдында демді ұстау.

 

  1. Ән айту кезінде тыныс алмай, дыбыстардың арасында үзіліс(пауза) жасау.

Стаккато.

 

4.Дем алудың «жалғастыра дем алу» (цепное дыхание)  тәсілін  меңгеру,

жетілдіру.

 

а)Ұзақ фразаларда,паузасыз жалғастыра дем алу;

ә)Ұзақ дыбыстарда және бірнеше тактілерге созылатын аккордтарда

жалғастыра дем  алу;

б)Шығарманы түгелдей жалғастыра дем алу тәсілімен орындау;

 

 

 

                           ІІ. Дыбыс шығару және дикция.

 

                                                 Үлкен топ.

 

  1. Кіші топтағы үйренген әдістерді бекіту.

 

  1. Ерін мен тілдің белсенді қызметі арқылы  артикулияциялық  аппараттың

еркін және жылдам қозғалысын дамыту.

 

3.Дауыссыз дыбыстардың  белсенді және анық  айтылуы үшін жаттығу

әдістерін меңгеру.

 

4.Жай және жылдам темптерде дикциямен дұрыс айтуды дамыту.

 

  1. Пиано (р) және пианиссимо (рр) ньюанстарында дикцияның сақталуы.

 

 

 

                          ІІІ. Ансамбль және  құрылым.

 

1.Әртүрлі музыкалық құрылымдағы  шығармаларды орындауды жетілдіру.

 

2.2-3 дауыста хормен ән орындауда  интонация тазалығын сақтау.

 

3.Сүйемелдеусіз  (а капелла)  ән орындауды  меңгеру.

 

4.Ерекше топтар үшін – көп дауыста күрделі  шығармалар  орындауды

меңгеру.

 

 

                     ІҮ. Орындаушылық шеберлікті қалыптастыру.

 

1.Шығарманың мазмұны мен сөз мәтініне талдау жасау.

 

2.Нота мәтінінде жеке партияларды және  партитураны сауатты оқу.

 

3.Шығарманың тональдік  планын, ладтық структурасын, гармониялық

құрылымын ажырата білу.

 

4.Мотив, период,предложения, фразаларға бөлу.Формасын анықтау

(куплеттік, екі бөлімді, үш бөлімді,рондо т.б).

 

5.Динамикалық белгі түрлері.

 

6.Шығарманы орындауда агогиканың бірнеше түрінің кездесуі:

— әнді бір темпте  айту;

— екі темптің араласып келуі(жай, жылдам);

— Шығарманың соңын созып айту;

— Шығарманың ортасында жайлату және жылдамдату;

— Фермата  түрлері;

— Шығарманың орындалу көркемдігіне қарай, әртүрлі дирижерлық

схемалардың қолданылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хор сабағы   бойынша репертуар.

 

                                      3-класс.

И.Нүсіпбаев. Бүгін туған күніміз.

Б.Дәлденбаев. Балдырғандар әні.

И.Нүсіпбаев.  Дос болайық бәріміз.

Л.Хамиди. Бақытты балалар жыры.

Ж.Қалжанова. Наурыз.

М.Әубәкіров. Ұланымыз ұлы елдің.

Б.Байқадамов. Айгөлек.

Ж.Еңсепов. Аяз-ата.

А.Исағұлова.Отаным – Қазақстан.

Қазақтың халық әні. Ақ дариға.

Қаз. Халық әні. Бір бала.(а капелла)

 

                                    4-5 класс.

Аккомпономент.

И.Нүсіпбаев. Дос болайық бәріміз.

Ә.Бейсеуов.Туған жер.

А.Жұбанов. Ақ көгершін.

Б.Есдәулетова Наурыз.

Ж.Еңсепов. Наурыз-думан.

Ж.Кеңесов.Қазақ елі осындай.

Қ.Ілиясұлы. Сарбаздар сазы.

Ә.Молдағайынов. Маңғыстауым мекенім.

И.Алтыбаев.  Қыраным күннің қасында.

М.Төлебаев. «Біржан-Сара» операсынан айтыс. (муз. Хрест.4кл.67бет)

Е.Брусиловский. «Қыз Жібек» операсынан  «Хор және Төлегеннің қоштасу әні»  (муз.хрест.4кл.47бет)

М.Төлебаев. «Жар-жар» «Біржан-Сара» опер-н.(муз.хрест.4кл.47бет)

Ә.Еспаев. Бейбітшілік сақталады. Муз.6кл

 

А капелла.

Абай.Желсіз түнде жарық ай.

Қараңғы түнде тау қалғып.

Көзімнің қарасы.

Ө.Байділдаев.Туған ел.

Ақан сері. Қараторғай.

А.Жұбанов. Қарлығаш

Қазақтың халық әні . Бір бала.

Ахау сабаз.

Дайдидау.