Ойыншықтар Сабақ жоспары

Қосбармақова Жанылған Карбозқызы, ІІ-санатты музыка жетекшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы.

 

Білім беру саласы:       Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу-қызмет түрі:     Музыка.

Тақырыбы:         «Ойыншықтар»

Мақсаты: Балаларды ойыншықтармен қызықтыра, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау және ырғақты сезінуге үйрету.

Көрнекіліктер: баян аспабы, ойыншықтар, музыкалық аспаптар, интерактивті тақта, үнтаспа.

Балаларды музыка ырғағымен қарсы алу. Музыкалық сәлемдесу:

-Саламатсыздар ма, балалар?

-Саламатсыз ба?

Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:  шеңбер жасап жүруге, жүгіруді, «қояндар қалай секіреді?» секіруді, марш жүрісімен жүруді ұсыну.

Балаларды орындыққа отырғызып, музыка жетекшісі ырғақты сезінуге шақыра қол шапалақтау, тізені соғу.

«Жеміс салаты» ырғақтық ойын арқылы музыкалық-ырғақты қайталау. Балалармен жеміс атауларын айта, оларды ырғаққа қосып, әндету.

Ал-ма, а-пель-син,

Ба-нан, ман-да-рин, — ырғаққа жаттығып, аспаппен ырғақты әндете

қайталау.

Ойыншықтар бұрышына назар аударту. Музыкалық ойыншықтарды, электронды клавиатураны қызықтыра, ойыншықтар арасынан  қобдишаға көңіл бөлдіре: «бұл не қобдиша екен? Мұның ішінде не бар екен?»  ашу,  флеешканы алып:

-балалар, бұл —  флеешка, оны компьютерге қосып қарайық, ішінде не сақталған екен?

Компьютерге қосу, экраннан ортеке суреттерін көрсету, таныстыру:

-Балалар, мынау – ортеке.  Ортеке — дәстүрлі, қазақ музыкалық қуыршақ өнері. Ел ішінде тауда тастан-тасқа секіріп жүретін текенің бейнесін шеберлер ағаштан  ойып жасап, күйшілер оған жіп байлап, саусағына іліп, домбыра тартқанда күйдің ырғағына қарай ортеке билейді.

Музыка тыңдау халық күйі «Ортеке».

— Музыка тыңдау ережесін сақтаймыз. Денеміз тік, қолымыз тізеде, мұқият тыңдаймыз.

Күй  бейнетаспасын қарап, тыңдайды.

«Ортеке» күйін қай аспапта орындалғаны  туралы, ортеке қалай қимылдағанын сұрап, қимылды қайталауына мүмкіндік беру.

Әндетейік, жырлайық,

Әсем әнге салайық,

Жаттықтырып дауысымызды,

Әнші бала болайық,- деп ән айтуға дайындық дауысқа жаттығулар жасау. Балалардың ән айту ережесіне сай дұрыс отыруын қадағалап, «Көкек» (авт.Х.Мұхамедова) әнінің үзіндісімен дыбысты үзік-үзік  айтуға, дауысқа қарай қолды оңға-солға қозғауға, дыбыстың айтылу ұзақтығын сақтауға шақыру.

Ән айту. «Ойыншықтар» әнін үйрену, әнді композитор Ибрагим Нүсіпбаев, ал сөзін Н.Әлімқұлов жазған.  Композитор Ибрагим Нүсіпбаев туралы қысқаша мәлімет беріп, суретін экраннан балаларға көрсету. «Ойыншықтар» әнін орындап беру.

-Ән қандай көңіл-күйді  білдіреді? -Көңілді.

-Ән не туралы? – Әрине, ойыншықтар туралы.

-Балалар, әннің сөзін анық, әндете айтамыз, қимылмен көрсетуге тырысайық.

Аспапта ойнау. Асылбек Еңсеповтың «концерт Будашкин» музыкалық шығармасының  ырғақтарын маракас, металлафон, бубен, үшбұрыш, барабан аспаптарында ойнау.

Асылбек Еңсеповтың суретін экраннан көрсету, түсінік беру.

«Барабан не деді?» қимылды ойын.

Ойын шарты: балалар барабан аспабының ырғағын танып, сол ырғаққа сай қимылды көрсетуі керек.

-Барабанды тыңдап көріңдерші, қандай ырғақ, қалай жүруге болады. «Марш» ырғағы, ал мұнда қалай жүреміз? Тыңдаңдар, «жай жүріс»ырғағы, ал бұл «қатып қал» деген белгі. Ойын жалғасады.

— Бүгін сіздермен «ойыншықтар» әнін айттық, әннің музыкасын жазған композитор кім?

-Ибрагим Нүсіпбаев.

-Дәстүрлі, қазақ музыкалық қандай қуыршақ өнерімен таныстық?

— Ортеке қуыршағы.

-Халық күйі «Ортекені» тыңдадық. Сіздер үйде ортеке қуыршақ суретін салып көріңдер.

-Сау болыңыздар.

-Сау болыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкалық ойыншықтарды ажыратуды, әннің сөзін, қимылын жасауды.

Игереді: балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнауды, ырғақты сезіне білуді.

Меңгереді: «ортеке» қуыршағымен танысу, халық күйін тыңдауды, ойынға белсене қатысуды.