Қысқы серуен

Ашық оқу іс-әрекет

 

Саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қысқы серуен.

Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, қысқы ойындарды  жетік білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып сөздік қорларын молайту.

Көрнекілігі: Қысқы серуендегі балалардың суреті, аққаланың суреті.

Қостілдік компанент:     Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик, шана-сани.

Ұйымдастыру кезеңі:

Қане, балалар, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық, алдымен бізге қонаққа келген апайлармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық!

(Ал, балалар, орнымызға отырамыз)

 

Ғажайып сәт: Есік қағылады.

-Балалар, біреу есік қағып тұр ма? Қане, ашып көрейік. (Қоян келеді) Ой, қоян, сәлесетсіз бе, қайдан келе жатырсың?

-Қоян: Орманнан. Дала суық тоңып қалдым.

Балалар: Аң- таң

-Қане, балалар, қоян даладан тоңып қалыпты, сендердің қастарыңа отырып жылынып алсын.

Бәріміз бірге бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар, қәзір, жылдың қай мезгілі?-   Қыс

-Далада ауа райы қандай?- Суық

-Далада жерде не жатыр?     —  Қар

— Қардың түсі қандай?     —  Аппақ

-Сендер қарды басып жүргенде қандай дыбыс шығады?  -Қырт-қырт

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мен сендерге қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балдар ойнайды

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?         (Қыста)

  • Балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
  • Я, ұнайды.
  • Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
  • Шанамен ойнаймыз.
  • Аққала жасаймыз.
  • Қар лақтырып ойнаймыз

Дұрыс, балалар, мына суретке назар аударайықшы.(Тақырыптық суреттермен жұмыс)

-Қане, балалар, бәріміз бірге суреттегі балаларға есім қоя отырып,  әңгіме құрастырайық.

Балалар өз ойларын сурет бойынша ортаға салып, суреттегі түстерді ажырата білді және қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

  • Балалар, кім қыс мезгілі туралы тақпақтар біледі?

Бейбарыс:

Аппақ күміс бар әлем

Зымыраймыз шанамен

Тоғайлар тонды киеді

Аяз беттен сүйеді

Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.

Ұлжан:

Біз аққала тұрғызып,

Қар атысып ойнаймыз.

Қыс дегенің бір қызық

Қызығына тоймаймыз.

Мерует:

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Диас:

Сүйінші балалар.

Ақ ұлпа жаңа қар

Шық деді үйден

Қыста таза ауа.

Інжу:

Қыс мезгілін сүйеміз

Қалың киім киеміз.

Мұз айдын мен сырғанақ

Бізді күтіп тұр қарап.

 

Ал, қоян біздің балалардың тақпақтарын тыңдадың, ал өзің тақпақ білесің бе?

Қоян: — Я, білемін

Мен қоянмын, қоянмын,

Менің сәнім құлағым

Үркектігім әйгілі.

Сылдырдан да қорқамын

  • Қорықпа қоян, біздің балалар сені дос қылады, солай ма, балалар?

Балалар, мен  сендерге жұмбақ жасырайын

Бұл қай кезде болады,

шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын

Тауып көрші сен оны  (Аққала)

 

Дұрыс, балалар, бұл аққала екен. Енді аққаланың суретін құрастырып, ойын ойнайық.

Балалар аққаланың суретін құрастырып аққала жайлы сұрақтарға жауап берді.

 

Қостілді компанент: Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик, шана-сани.

Балалар қайталайды

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Табиғатты сүйеміз

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз

 

Дидактикалық ойын: Қыста не болады?

 

Балалар, ашық оқу іс — әрекетімізді қорытындылап, қыс туралы не үйренгенімізді допты бір-бірімізге лақтыру арқылы ойын ойнап аяқтайық

 

  1. Мерует: Қыста күн суық болады.
  2. Сырым: Аққала жасаймыз.
  3. Ұлжан:   Шанамен ойнаймыз
  4. Бейбарыс: Қыста қырт-қырт  деп жүреміз
  5. Диас: Бір-бірімізбен қар лақтырып ойнаймыз.
  6. Інжу: Қыста қар жауады.

 

 

Мінекей, балалар, қыс  мезгілі туралы көптеген мәліметтер үйрендік. Ашық оқу іс-әрекетімізге жақсы араласқан балаларды мадақтап, аққала макетін бере отырып, балаларға ертеңгі күнге сәттілік тілеймін.

 

 

 

Садылдаева Гұлнұр.

№262 мектеп-гимназия жанындағы

«Айгөлек» шағын орталығы тәрбиешісі