Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы

Қаңтар

Күні: ___________________________________

Тобы: Ересектер «Еркетай»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу қызмет түрі: Музыка

Оқу қызмет тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Әуен сазына ілесе қыс көріністерін қимыл-қозғалыспен  бейнелей білуге баулу, әнді әсерлі  етіп айтуға үйрету.

Көрнекілік: Қыс туралы суреттер.

Сөздік жұмыс: Шаңғы, шана.

Оқу іс-әрекет кезеңі  

Саз  жетекшінің іс — әрекеті

 

Балалардың  іс — әрекеті

 

Мотивациялық-Қозғаушылық

Көңілді әуенмен музыка залына келеді. Шеңбер бойында жеңіл қимылмен жүгіреді. Шаттық шеңберін құрады.

Қыс келді, қыс мұз-қарлы,

Қыраулы да ызғарлы.

Қыс келді, қыс  мықты анық,

Қайтсе де біз ықпадық.

Қыс келді, қыс уайым ба,

Қандық біздер ойынға!

Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді.

 

 

Қыс туралы өлеңді ынтамен тыңдап, өлең туралы түсініктерін жеткізеді.

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Өлеңде не туралы жазылған?

-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Қыз мезгілінің ұнайтын, ұнамайтын жақтарын атаңдар.

-Қыста шаңғы, шанамен ойнайсыңдар. Жақсы. 

Күн суық, қалың киінесіңдер. Жаман. Бірақ көңілді.

Музыка тыңдау: Вальс. (С.Майкапар).

-Музыканы көздеріңді жұмып отырып тыңдауға болады. Сендер мұндай музыкаға қандай қимыл жасағыларың келеді.

-Мұздың үстінде қалықтап сырғанауға болады. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, жұбымен айналуға болады.

Өткен әндерді еске түсіріп, қайталау.

Ән айту: «Қыз қызығы» (И.Нүсіпбаев, Е.Өтетілеуұлы). Әнді музыка жетекшісі орындап береді.

-Әнде не туралы айтылған?

-Қандай көңіл күйде?

Мәтінін әуенге қосылып үйрену.

Ойын: «Қасқыр мен көжек».

Музыканы тыңдай отырып, әр аңдарға тән музыканы ажырата білу. Жеңіл, көңілді көжектер қаһарлы да ашулы қасқыр музыкасы естілісімен қашуға дайын болу.

Би: «Қасқыр мен қояндар». Көрініс би («Билеп үйренейік»). Түсініктеме бойынша қимыл  жасап, әуенді ырғақпен үйлестіре би қимылдарын жасау.

Балалар қыс туралы білгендерінше жауап береді.

 

 

Балалар алған әсерлерін жеткізуге тырысады.

 

 

Әнді тыңдай отырып, қандай жыл мезгілі туралы айтылғанын әңгімелейді.

 

 

 

Музыка әуеніне ілесе отырып, әр аңға тән қимылдарды жасайды. Жеңіл әуенге көжектер жеңіл секіреді., қасқыр музыкасында қашуға талпынады.

Рефлек

сиялық- түзетушілік

-Бүгін қандай жыл мезгілі туралы ән үйрендік?

-Ән сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?

Қорытындылау, бағалау, марапаттау.

Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

    

     Күтілетін нәтиже: Өтілген сабақты пысықтау

     Біледі: Әр аңға тән музыканы ажырата, тани білулері керек.

     Игереді: Қыс қызығы туралы түсініктерді игереді.

     Меңгереді: Музыканы ести отырып, сол музыкаға лайық қимыл жасауды меңгереді