Мектеп мұражайы Баяндама

 

« М. Горький атындағы №1 мектеп-гимназия коммуналдық  мемлекеттік мекемесі»

 

 

 

Баяндама

Мұражай –париоттық тәрбие орталығы

Тақырыбы; «Мектеп мұражайы»

Мұражай-патриоттық тәрбие орталығы

« М. Горький атындағы №1 мектеп-гимназия коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің мұражайы.

Мұражай материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін насихаттап,зерттеп,сақтап,есепке алып,тіркеуге негізделген.Мұражай тарихи,мәдени,ғылыми құндылығы бар заттарды алу артықшылығына ие.Мектеп мұражайы көпшіліктің көруі үшін ашық.Мектеп мұражайының құндылықтарына  археологиялық материалдар,сирек коллекциялар, көне заттар,өнер туындылары сурет,альбом, қолданбалы өнер,халық қолөнері кіреді.  Мұражай 1972 жылы ашылды.

  Мектеп мұражайының бөлімдері

1-бөлім     Мектеп тарихы

Бұл бөлімде көне деректерге толы мектеп тарихы, жеңіске толы құрмет грамоталары,жетістіктері Мектептің алғашқы көрінісі,алғашқы ұстаздары жайлы альбомдар бар.

2- бөлім  Ұлы Отан соғысында ерлік еткен ардагерлеріміз туралы.

Ардагерлердің қару жарағы,әскери формалары,жеңіс медальдары қойылған.Ардагерлермен кездесу сабақтары өтіліп отырады. «Соғыс менің жанұям»,«Жанұядағы соғыс»,атты жазылған хаттар,ерліктері жайлы құнды мағлұматтар бар.

   3-бөлім    Ауған соғысы ардагерлері  туралы

   4-бөлім    Біздің қаламыздың тарихы

    5-бөлім   Асыл мұра

Ұлттық әшекейлер,бұйымдар,келі-келсап,киіз үй бейнелері орналасқан.Аяулы аналарымыз бен ардақты аталарымыздың қолданған қымбат бұйымдары сақталған.

Мектеп оқушыларына мұражайда саяхат,ашық сабақтар,сабақтан тыс іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып тұрады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан -2050» стратегиясында   біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз  бен  дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек,мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.Елдің дұрыс таңдап алынған бағыты арқасында біз көптеген биіктерге бүкпесіз ашық саясат жүргізуге Қазақстанға ғана тән экономикалық даму жолында игілікті  әлеуметтік  реформаларға –біздің мемлекетімізді  айнытпай тануға игі ықпалын тигізіп отырған табыстарға қол жеткіздік.Бірақ басқа бір қабат бар –нәзік және сонымен бірге қыртысы қалың рухани қабат бар,Қазақстан тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз еліміздің осы қабат арқылы паш етеміз деп атап көрсетті.   Мұражай-өткен уақытпен жүздесе отырып,бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлар таңбасы мен табы қалған жәдігерлер мен заттарға ой көзімен қараудың,заманалар айнасына қарап ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі дер едік.

Қазіргі таңда мектеп ұжымы мұражайда мәдениетке ынтызар қауымға мол ақпарат беретін орын болатынына сенеді.Әлбетте,мұражайды дамыту мұғалімнен кәсіби адалдық  пен шеберлікті талап етеді,оған сауатты да сауапты жұмыс істеуді жүктейді. Ал,дүниеде бәрі  де өзгеретінін, заманның   құбылатынын ескерсек,уақытпен үндесіп,үйлесетін өз дәуірінің тілінде сөйлеп тұратын экспозициялар жасақтау мектеп мұражайларының бәрінің бірдей қолынан келе беретін шаруа емес екені де аян.

Мұражайдың проблемаларына бөлменің әліде болса тарлығын,өлкеміз туралы мәліметтердің аздығын айтар едік.Мектеп оқушылары арасында көрме-байқаулар өткізіледі,байқау нәтижелері анықталып марапаттау шаралары жүргізіледі.