Біздің отбасы  — есірткіге түбегейлі қарсы!

Қызылорда  ОIIД  ЕБҚКБ  тарапынан

жарияланған сайысқа

 

Біздің баға жетпес байлығымыз — бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке — бірлігіміз. Құнды қазынамыз — тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз.
Н.Ә.Назарбаев

Біздің отбасы  — есірткіге түбегейлі қарсы!

 

 Отбасы адам баласының өсіп — өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы  отбасында өтеді.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата — ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке — бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Әрбір адамның  өміріндегі ең қымбаты – отбасы болуы керек. Отбасында бір  — біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда  бірлік болады. Және  де бірін – бірі аялап, қателіктерін кешіре білгенде, отбасы берік болатыны анық.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», – деп  атам қазақ бекер айтпаса

керек. Отбасы түсінігі жайлы біраз ұғым санамда самсап, жүрегімнің төрінде де орын алған. Мен өзімді өмірдегі ең бақытты жан санаймын. Себебі, менің ауызбіршілігі мол, ұйымшыл, қамқор  отбасым бар. Ал, отбасында береке —  бірлігі  жоқ адамдар, өздеріне қолдау іздеп жүріп, жаман жолға  қалай түсіп кеткендерін  байқамай да қалып жатады.

Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі — оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі — адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттердің  бірі —  нашақорлық.

XXI ғасырдағы қасіретті дерт. Нашақорлық өмірде қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн.

Елбасының: «XXI ғасырда  қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы           тиіс», — деген сөзі қайта – қайта ойыма оралып отыр.  Дені сау баласыз, елдің келешегі жоқ. Сондықтан да  баланың санасына кішкентай кезінен зиянкес заттардан аулақ болуын сіңіру қажет. «Ертеңіңді ойласаң,  есірткіге жолама, салауатты өмір салтын  ұстан»,- деп уәжді тәлімін әрбір ата – ана беріп отырса, оң нәтиже болары  хақ.

Жақсылық дәні адам бойына бала кезде егілетіні сөзсіз. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені есейгенде  белгілі болады.

Есірткі – адамның  денсаулығына ғана  емес, рухани жан дүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кештіріп, ақыл — ой жүйесін де бұзады.

Баршаңызды, бүкіл қоғамның қасіретіне айналып, болашағымызға қауіп төндіріп, әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып жүрген ғасыр індетінен сақ болуға шақырамыз!

Қожаберген әулеті