Оқушылардың жазбаша жұмыстар сауаттылығын арттыру жолдары

 

Әр мұғалімнің жұмыс нәтижесі-оқушылардың жетістіктерінде. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың жазбаша тілдерін дамыту-оқу үдерісіндегі маңызды кезең.

Жазбаша жұмыстардың сауаттылығын қалай арттыруға болады?

  1. Әр сабақта сөздік диктанттарға 5-7 минут уақыт бөлу. Осындай диктанттарды мен жеке дәптерге жазғызамын. Мысалы, бірінші парақта оқушылар қазақ тілінің «ң» дыбысына сөздерді жазады. Екінші бетте келесі тән дыбысқа. Сөйтіп, сабақ сайын әр тән дыбыс кездесетін сөздер қоры көбейеді. Диктанттың бір түрін ғана пайдаланбай, жұмысты түрлендіру керек. Тағы да бір қызықты диктант түрі-сөздерді өздеріне жазғызу. Бұл тапсырма оқушылардың сөздік қорын тексерумен бірге олардың білуге қызығушылығын арттырады. Жұмысты кезек бойынша ұйымдастыруға да болады. Бір оқушы бастап, басқалары рет бойынша жалғастырады. Білім сапасы төмен сыныптарда үй жұмысын бергенде алдын ала бір тән дыбысқа сөздерді қайталап келуге немесе сөздіктерді пайдаланып сөздерді теріп жазу тапсырма беруге болады.

 

  1. Жазбаша жұмыстарда жиі кездесетін қателер –«н» мен «ң» емлесі. Оқушыларға көмек ретінде мынадай жағдайларды ұмытпауына назарларын аударамын.

«Ң» дыбысы қашан жазылады:

1/ ілік септік жалғауында

2/ жіктік жалғаудың 2 жағында тұрған сөздерінде

3/ тәуелдік жалғаудың 2 жағында тұрған сөздерінде

 

  1. Әр жазбаша жұмыстан кейін қателермен жұмыс өткізу керек. Бастауыш сыныптарда бұл жұмыс мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі, ал орта буын сыныптарда оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, менің ойымша, дұрыс және тиімді. Өйткені оқушы өзі ізденіп, ережені еске түсіріп, қатені талдауға тырысса, сонда ғана оның келесі жұмысы нәтижелі болады.

 

  1. Әр жазбаша жұмыстан кейін мұғалім оқушылардың жұмыстарына сараптама жасауға тиіс. Жалпы сынып қалай жазды және жеке оқушылар бойынша қандай динамика байқалды. Әсіресе нашар жазатын оқушылар арасында нәтижелер болса, сондай оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек. 1-2 жақсы сөз естіген оқушы келесі рет тағы да сауатты жазуға тырысады. Бұл қарапайым ұсыныстар жүйелі түрде өткізілсе, әр мұғалім жазбаша жұмыстардың сапасына жетеді деп ойдамын.