«Нәзік есім» жаттығуы

«Нәзік есім» жаттығуы

 

Мақсаты: айналасындағылармен өзара жақсы, жағымды қарым – қатынас орната білуге, достарын тыңдап, әңгімелесушімен дұрыс байланыс жасауға үйрету, суреттегі ұқсастық пен айырмашылықты табумен байланысты танымдық қабілетін дамыту, қозғалыс анализаторымен есту координациясына тәуелді зейінді дамыту, ойлауды, есті, зейінді аудару қабілетін дамыту.

Қажетті құрал  — жабдықтар: доп, үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіштер.

 

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.       Ойын. «Нәзік есім»

Әрбір бала өз атының бас әрпіне сәйкестендіріп, сын есім жалғауы керек. Мысалы,  ашық Айзат, әдемі Әсел, айбатты Айдар т.б.

 

Сергіту сәті.       Ойын. «Төрттік»

         Мақсаты:   қозғалыс анализаторымен есту координациясына тәуелді зейінді дамыту

Ойыншылар дөңгеленіп отырады, жүргізуші ойынның шартымен таныстырады. Егер ол: «Жер» сөзін айтса, балалар қолдарын төмен түсіруі керек, егер «Су» десе, қолдарын алдыға созулары тиіс, ал «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтеруі керек, «От» дегенде,  қолдарының басын айналдырулары қажет. Ойын екі рет қайталанады, екінші рет қателескен оқушы ойыннан шығады.

 

Сабақтың мазмұны

4 – жаттығу                                              6 – 8 жасар балалар үшін

Мақсаты: 6 – 7 ұқсас бейнелерден ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау (А.З.Зак бойынша)

Балаға 9, 10 — суреттерді ұсынады. Содан кейін 6 суреттің ішінен (бірден үшке дейін) ұқсас және әртүрлі жұптарды табу тапсырылады.

Тапсырманы 11 — сурет арқылы күрделендіруге болады. Бала 7 бейненің ішінен (бірден үшке дейін) ұқсас және әртүрлі жұптарды табуы қажет.

8 – 10 жас аралығындағы балалар үшін

         Мақсаты: суреттегі бейнелерден үш әртүрлі өзгешелігі бар жұптарды анықтау.

Оқушыға 12 —  суретті көрсетеді, ол суреттің ішіндегі 1 және 2 бейнені салыстыруды ұсынады. Бұл екі бейнеде де көзқарас, мұрын, күлкілерінде айырмашылық бар.  Осыдан кейін  бала 1 – 18 бейнелер арасынан 3 белгі бойынша да айырмашылығы бар кем дегенде 10 жұпты анықтауы керек.

10 – 12 жасар балалар үшін

         Мақсаты: бейнелердің ішінен бір ұқсастық пен үш айырмашылық бар жұптарды анықтау.

Балаға 12 – суретті көрсетіп, 1 және 9 бейнелерді  салыстыруды ұсынады,  бұл бейнелердің шаштары ұқсайды да, өзге элементтері сәйкес келмейді.  Осыдан кейін 24 бейненің ішінен бір ұқсастық пен үш айырмашылығы бар 10 – 15 жұп табуы керек.

Ойын. «Балық, құс, аң»

         Мақсаты: ойлауды, есті зейінді аудару қабілетін дамыту.

Балалар шеңбер болып отырады, жүргізуші оларға кезекпен допты лақтыру арқылы «балық, құс, аң, балық, құс, аң, балық…» деп айтқан кезде допты соңғы ұстаған бала жүргізуші үш санағанша балықтың атын атауы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Тек бір аталған атау екінші рет қайталанбауы керек. Шатасып немесе жауап бере алмаған бала ойыннан шығады. Ойын бір оқушы қалғанша жалғасады. Қалған оқушы мен жүргізуші әрбір айыпкер балаға шарт қояды.

 

                Сабақты пысықтау.

  1. Бүгінгі сабақта немен таныстық?
  2. Сіздерге не ұнады?
  3. Сіздерге не ұнамады?
  4. Біз бұл ойындарды не үшін ойнаймыз?

 

 

      Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті. А.З.Зактың «Познавать играя. Развитие познавательных способностей у детей 5 – 12 лет» оқулығынан 6 — сабақты орындау.