Білімпаздар сайысы

Сабақтың тақырыбы: «Білімпаздар сайысы»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін тексеру, сенімдерін ояту. Ойлау, сөйлеу, қабылдау қабілеттерін шыңдау. Сегіз қырлы, бір сырлы жастарды тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,  мақалдар, сөзжұмбақтар, әр кезең бойынша тақырыптар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесіп, қал жағдайларын сұрау. Оқушылар бір-біріне тілектермен сәттіліктер тілейді. Оқушыларды 2 топқа бөлу, басшыларын сайлау.

І. Ойынның мақсат, міндетерімен таныстыру.

ІІ. Бағалайтын сарапшылар тобын сайлап, таныстыру.

ІІІ. Ойын шарттарын таныстыру.

І. Таныстыру. (Топтың аты, ұраны).

ІІ. Жалғасын тап.

ІІІ. Ойлап тап.

ІV. Өнерпаз.

  1. Тіл өнері.

VІ. Басшылардың сайысы.

І. Таныстыру. Топтар өздерін таныстырып шығады.

ІІ. Жалғасын тап.

  1. Күш білімде, білім… (кітапта).
  2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала…(ата-анасын қақсатар).
  3. Ғылымның шырағы – Күн, Адамның шырағы — … (білім).
  4. Оқи берсең көзің ашылады, отыра берсең … (жалқаулығың басынады).
  5. Еңбек етсең емерсің, … (ерінбесең-жеңерсің).
  6. Кітап – алтын … (қазына).
  7. Ат жаманы жолда қалдырады, … (жолдас жаманы қолда қалдырады).
  8. Ойнап сөйлесең де — … (ойлап сөйле).

ІІІ. Ойлап тап. Әр топқа логикалық есеп беріледі. Өткізбестен бұрын сергіту сәтін өткізіледі.

Төрт қайың тұр. Әрбір қайыңда төрт-төрттен үлкен бұтақ бар. Әрбір үлкен бұтақта төрт-төрттен кішкене бұтақ бар. Әрбір кішкене бұтақта төрт-төрттен алма бар.  Барлық алма саны қанша? (қайыңда алма өспейді).

1-топ. Жанұяда бес ұл бар және олардың әрқайсысында бір-бірден әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (6 бала бар).

2-топ. Бір бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр. (4 мысық бар).

ІІ. Өнерпаздар  сайысы.

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты масқара.  (рэп, жылап, күліп, робот) сияқты айту.

  1. Тіл өнері. Жұмбақтар жасырылады.
  2. Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды. Ағаш.
  3. Бейбітшілік құсы деп, атайды оны барша жұрт. Көгершін.
  4. Қиналмай көтеріп, өзінен ауырды.

Жорғалап кетеді, жүкшідей кәдімгі.                 Құмырсқа.

  1. Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы. Мектеп.
  2. Бетін адам ашады, білм нұрын шашады. Кітап.
  3. Ат та емес, ит те емес, тістейтінін қайтесің. Аяз.
  4. Қолы бар, саусағы жоқ.

Мойны бар, басы жоқ.                        Көйлек.

  1. Беттескен қос табақ, ортасында бас тамақ.

Қаз бен шоққа ораса, дән піседі тамаша.         Таба нан.

VІ. Басшылар сайысы. Әр топтың басшылары шығады және оларға сұрақтар қойылады.

  • Көне заттарды сақтайтын орын? (мұражай). 2) қасиетті тағам (нан). 3) адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан). 4) ұлттық аспап. (домбыра).

Қорытынды. Ұпайларды санап, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау. Сабақ аяқталды сау болыңдар.