Орманға саяхат

 

Білім саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс — әрекетін сезіну және одан әсер алу. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс — әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жасанды ағаштар, текше, аюдың, қоянның, кірпінің, қарғаның , алманың муляжы.
Мотивациялық қозғаушы
Қуан шаттан, алақай

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Балалар далады қандай мезгіл?

Далада көктем мезгілі

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Қар ериді, күн жылынады,  құстар ұшып келеді, ағаштар бүр жарады.

Тамаша.

Ал балалар бүгін біздің сабақ ерекше болмақ, бүін біз орманға серуенге берамыз.

Серуенге қандай көлікпен барамыз? Поезбен

Поезд қандай жолмен жүреді?

Поезға отыру үшін бізге не керек?

Ал ендеше барлығымыз билеттерімізді алып поездағы орнымызға жайғасайық.

Балалар бізге жолда көпетеген кедергілер кездеседі ,сол кедергілерден өтуге дайынсындар ма?

Балалар қараңдаршы ағаш түбінде қоян отыр ,оның қолында алманың жартысы бар екен. Бірақ ол көңілсіз . Алмасында тапсырмасы бар екен орындауға көмектесейік пе?

Бұл жұмбақтар екен , жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдар ма?
Мұрны бейне түйме
Үсті толған ине (кірпі)
Түрі көмірге ұқсайды
Қалбалақтап ұшады (қарға)
Қыста ұйықтайды
Жазда ойнайды (аю)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Жұмбақтың шешуін таптық  ,балалар қоянды бірге ала барайық па?

Балалар қараңдаршы шөптің арасынан ненің арқасы көрінеді?

Кірпі де алмасын жей алмай отыр екен? Оған да көмектесеміз бе?

Мнемокестедегі суреттер арқылы тақпақ оқып беру керек екен.

Кірпіні де өзімізбен ала барайық.

 

Балалар ағашта қандай құс отыр? Оның да тұмсығында алманың жартысы бар екен.

Ол қандай дыбыс шығарады? Ол шаршап отыр екен.

Бізде  отырып шаршап кеткен сияқтымыз канекей көлігімізден тұсіп бір сергіп алайық

Сергіту сәті

Алма баққа барайық

Алмаларды алайық

Ең тәттісін, дәмдісін

Анамызға арнайық

Қарғаны бірге алады.

Ал мынау не? Аю

Аюдың көңіл күйі жоқ екен , оған да  көмектесейік

Гүл бағындағы гүлдердің күлтелері ұшып кетіпті күлтелерін жинауға көмектесейік

Балалар гүлге не қонады ?

Көбелек және ара

Ал ендеше тілдік жаттығу жасайқ

Ағйынды аралармыз

Еңбек үшін жаралғанбыз

З-з-з

Шырын іздеп күні бойы

Гүл бақшаны аралаймыз

З-з-з

Қалмай ұшып соңынан

Ара қуды Мұратты

З-з-з

Шағып алды қолынан

Досымызды жылатты

У-у-у

-Тамаша . аюдың да  жарты алмасы бар екен, кане барлық жарты алмаларды қоссақ бүтін алма болды.

Балалар алма не ол?

Ол жеміс

Алма қандай, түстері ше?

Алма туралы ертегі білеміз бе?

«Жабайы алма» ертегісі

Ал олай болса осы ертегіні сахналап берейік

Балалар бастарына атрибут киіп сахналайды

  • «Алма» ертегісі
    Ертегіні тамашалау.
    Тыңда, балам, ертегі,
    Ертегі сыр шертеді,
    Ерте, ерте, ертеде,
    Ешкі жүні бөрте де
    Орманда бір қоян өмір сүріпті. Қоян орман аралап жүргенде жабайы алма ағашының басында қалып қойған жалғыз алманы көреді. Оны қалай алуға болады? Алайын десе ала алмайды. Алма өте биікте, секіріп жете алмайды. Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырады. – Қарқ – қарқ!
    Оны көрген қоян:
    — Қарға, қарға! Маған алманы үзіп алып берші! – дейді. Қарға алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
    — Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! – деп, өтірік — шынын араластыра.
    Олар бір — бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман іші айғайдан у — шу болып кетеді.
    Сол кезде қорбаңдай Аю келіп қалады.
    — Бұл не деген айғай — шу! Мазаны алдыңдар ғой!
    Бәрі оған жақындап:
    — Сен аю біздің ормандағы ең үлкен, әрі ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? – деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрады.
    Аю: — алманы кім тапты?
    Қоян: — мен! – деді.
    Аю: — ал алманы кім үзіп алды?
    Қарға: — мен!- деп қарқ етті.
    Аю: — кім оны ұстап алды?
    Кірпі: — мен ұстап алдым!- деді.
    Аю: — мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі.
    — Мұнда бір алма ғой! – деді кірпі, қоян және қарға түк түсінбей.
    — Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір — бір бөлігін алыңдар! – деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті.
    — Бағанадан бері біз бостан — босқа таласқан екенбіз ғой!
    Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: — Бұл саған, қоян – сен алманы бірінші көрдің!
    Екінші бөлігін қарғаға беріп: — Бұл саған қарға – сен алманы үзіп алдың!
    Үшінші бөлігін кірпі аузына салып: — Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған – мен!
    Кірпі аюға төртінші бөлігін беріп: — Бұл саған аю!
    — Маған не үшін? – деп таңқалды аю.
    — Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! – деді ол, риза кейіппен. Әрқайсысы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді. «Береке басы – бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.
    Аяқталды ертегі,
    Ертегі сырды шертеді,
    Еңбекті сүй балақай
    Дос қадірін біл деді.
    Қорытынды: Балалар біз қайда бардық? Орман ішінде нелер кездесті?
  • Оларға не істедік? Қандай тапсырмалар орындадық? Ертегі сахналадық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық