Айнымалы ток генераторы. Тұрақты ток генераторы. Электр қозғалтқыштар.
11 сынып №12 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток генераторы. Тұрақты ток генераторы. Электр қозғалтқыштар.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Айнымалы ток генераторы.мен, тұрақты ток генераторымен, электр қозғалтқыштармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Айнымалы ток генераторымен, тұрақты ток генераторымен, электрқозғалтқыштармен танысамыз.
- Резонанс деп қандай құбылысты айтады?
- Резонанстық жиілік неге тең?
- Резонанс кезінде активті, индуктивтік және сыйымдылық кедергілердегі кернеулер неге тең?
- Кернеулер резонансын қай жерлерде қолданады?
- Айнымалы токтың қуаты қалай анықталады?
- Қуат коэффициенті деп нені айтады?
- ДК.Жаңа материалды меңгерту:
- Айнымалы ток генераторы.
- Индуктор.
- Якорь.
- Щеткалоар мен сақиналар.
- Тұрақты ток генераторы.
- Электрқозғалтқыш.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
- 2.8, 2.9. дайындық сұрақтарын талдау.
- Айнымалы ток генераторы қандай негізгі бөліктерден тұрады?
- Генератордың жұмысында ротор мен статор қандай рөл атқарады?
- Көп полюсті айнымалы ток генераторының қандай артықшылықтары бар?
- Тұрақты ток генераторының коллекторы қандай рөл атқарады?
- Лүпілдеуші ток деп нені айтады?
- Лүпілдеуші токтың жаймасын қалай алуға болады?
- Электрқозғалтқыш қалай жұмыс істейді?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2.8, 2.9