Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Шалабаева А. А.

Хаттама № 2

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.

25.12.2018 ж.

Жалпы оқушы саны – 24

Қатысқаны – 13 ата-ана

Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.
  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
  4. Мектеп психологы Тлебаева Дананың баяндамасы
  5. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:

1 сұрақ бойынша  сынып жетекші Жанар Амангельдиновна сөз сөйледі. Оқушылардың  2-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар туралы айтты.

2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.

3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік  ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.

4 сұрақ бойынша мектеп психологы Тлебаева Дана суицид туралы баяндама оқыды.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
  2. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
  3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.
  4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.
  5. Кабинетке тақырыптық стенд жасау.

 

 

Ата-аналар комитетінің

төрайымы:                  Оспанова Роза Жалгасбековна

 

Хатшы:                          Кункенова Жанар Амангельдиновна