Танысу. Не қайда орналасқан? Сабақ жоспары

Пәні: Математика
ҰОҚ  тақырыбы: Танысу. Не қайда орналасқан?
Мақсаттары: Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында,  алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
… қайда орналасқанын айт?   Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре аласыңдар ма? Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндір.

Жазу: сол жақтағы, жоғарыдағы жəне т.с.с. заттарды боя, қорша.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)Педагог тəрбиеленушілердің бірінің көзін байлайды. Ойыншықты басқа балаларға көрсетіп, көзін байлаған бала оны табу үшін ойыншықтың қайда тұрғанын суреттеп айтуларын сұрайды. Балалар заттардың кеңістіктегі орналасуын сипаттау үшін дұрыс терминдерді таңдауда шатасады. Сол кезде педагог баланың көзіндегі орамалды шешіп, ҰОҚ-нің тақырыбын тұжырымдайды:

-Бүгінгі ҰОҚ-нде біз заттардың кеңістікте орналасуын білдіретін сөздерді қолданып үйренеміз: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог əліппе-дəптерді қарауды ұсынады. Педагог балаларға 1- тапсырмаға қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұхбат жүргізіледі. Педагог:

–Суретте қыздың бөлмесі бейнеленген. Кереует, (үстел, орындық жəне т.б.) қайда тұрғанын айтыңдар.

  • Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре аласыңдарма?
  • Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндіре аласыңба?

Балалар əліппе-дəптердегі сурет бойынша белгілі бір затқа қатысты ненің қайда орналасқанын айтады. Өздері сұрақ қойған кезде жəне педагог пен балалардың сұрақтарына жауап берген кезде кеңістікте орналасуды сипаттайтын сөздерді пайдаланады.

Одан кейін балалар тапсырманы орындайды – заттарды орналасуына қарай көрсетілген түстерге бояйды.

Аспашам – жоғарыда, көк түсті, кроссовкалар – төменде, қызыл түсті жəне т.б.

«Құтан». Сергіту сəті

(Арқаларын түзу ұстап, қолдарын беліне қояды.
Балалардың тізесі бүгулі, біресе оң аяғын, біресе сол аяғын ақырындап көтереді жəне ақырындап түсіреді. Арқаларын  түзу ұстауды қадағалайды.)
Жаңаны қолдану.  №2 тапсырманы өзара тексерумен жұптық жұмыс түрінде орындауға болады. Балалар олардың əрқайсысы қандай бағыттарды бояйтыны туралы келісіп (мысалы, жоғары, оңға қарай), тапсырманы орындайды. Одан кейін бір-бірін тексереді.
№ 3 тапсырманы орындау үшін, ол бірінші рет кездесіп отыр. Практикалық жұмыс ұсынуға болады. Педагог тапсырмада бейнеленген фигураларға ұқсас фигуралар дайындайды. Балалар фигураларды бірінің үстіне бірін қойып, оларды бояйды.    Балалар тапсырмалаларды орындау туралы кеңесуге, өз іс- қимылдарын сəйкестендіруге, өзара түсіністікке үйренеді.

Қорытынды.