Бала ұялшақтығын және сенімсіздігін қалай жоюуға болады?
Тақырыбы: Бала ұялшақтығын және сенімсіздігін қалай жоюуға болады?
Міндеттері:
- Оқушының оқудағы жетістігіне бала ұялшақтығы мен сенімсіздігінің әсер етеуін ата – аналармен талқылау.
- Ата – аналарды бала ұялшақтығы мен сенімсіздігін жоюға көмектесуге ерікті қалыптастыру.
- Баланың психологиялық жағдайын әртүрлі әдіс және тәсілдер қолдану арқылы жүйелендіру.
Сауалнама оқушылар үшін.
Сөйлемді жалғастыр:
Маған қорқынышты болады, ….
Мен уайымдамаймын, ….
Мен сенімсізбін, …..
Мен ұяламын, ….
Сауалнама ата-аналар үшін.
Төмендегі келтірілген фразаны жалғастыр:
Біздің баламыздың ұялшақтығы байқалады, егер …
Біздің баламыз өзіне сенімсіз, егер ….
Біздің баламыз ұялады, егер ….
Біздің баламыз үрейленеді, ….
Ата – аналарға арналған жадынама:
«Бала сенімсіздігін жоюға қалай көмектесеміз?»
- Бала ұялшақтығын ешуақытта жариялап айтпаңыз.
- Бала мінезінің бұл түрін танымайтын адамға жария ептеңіз.
- Балаңыздың кіші балалармен ойнағанын құптаңыз. бұл оның өз күшіне сенімділігін арттырады.
- Балаңызды өзгелердің көзінше сынамаңыз, қайта өзіне деген сенімділігін шыңдаңыз.
- Басқа балалармен қарым-қатынасын қолдаңыз, оларды үйге шақырыңыз. Үйге келген балалардың мінез-құлқы мен өз балаңыздың қасиеттерін салыстырмаңыз.
- Балаңыздың қабілетін уақытында бағалаңыз.
- Өзіңіздің өмірдегі тәжірибеңізді, балаңыздың тәжірибесімен шатыстырмаңыз.
- Балаңызбен шынайы сөйлесіңіз, оған ашылуға жағдай жасаңыз. Егер өзі айтпаса, сұраңыз. Бұны өте жайлы және қарапайым жеткізіңіз. Егер ол бұны қажет етсе.
Өту барысы:
- Жүргізуші сөзі.
Психолог қатысушыларды тренингтің маөсат, міндеттерімен таныстырып, ата-аналарды конкурсивті қарым-қатынас жасауға бағыттайды.
- Практикалық жұмыс.
Жаттығу барысында қатысушы ата-аналар жұптасып орындайды, жұптар ауысып отырады.
1 – жаттығу.
«Автопортрет». Балаға өз портретін салу, оның жақсы қасиетін суреттеп айту.
2 – жаттығу.
«Менің көңіл-күйім». Балаға өзінің жиі уайымдайтын негативті көңіл-күйін суреттеуді ұсыну.
3 – жаттығу.
«Менің айнам». Бала айнамен жұмыс істеу және өзінің жағымды қасиеттерін байқау(сыртқы және ішкі).
4 – жаттығу.
«Маска». Балаға әртүрлі ертегілердегі кейіпкерлердің маскасын киіп, сол кейіпкерлерді ымдау, дыбыстау және мінез-құлқы суреттеу арқылы бейнелеу ұсынылады.
5 – жаттығу.
«Ғажайып ертегі». Балаға ертегідегі жағамсыз кейіпкер жайлы айту. Яғни бала жағымсыз кейіпкерге айналдыру.
6 – жаттығу.
«Телефонмен сөйлесу». Бала әртүрлі көңіл-күйде әңгімелеседі. (ызалы, дөрекі, қарсылық білдіре, жылы шырайлы және шын жүректен т.б.).
- Рефлексия.
Қорытынды тренинг өткізіледі. Психолог ата-аналар сұрақтарына жауап береді, және ұсыныс кеңестер береді.