Музыка өнері арқылы оқушылардың бойына ұлттық салт-санамызды сіңіру

Музыка пәнінің мұғалімі

Жаманкараева Гулсан

Кеншиликовна

Астана қаласы

№34 орта мектеп

 

Музыка өнері  арқылы  оқушылардың бойына ұлттық салт-санамызды сіңіру

Күй, ән, өлең-жыр, тақпақ, жаңылпаш, ертегі, мақал-мәтел сияқты өнер түрлі халық педагогикасының қайнар көзі. Музыка мен әдебиет саласының ішкі астары бала тәрбиесіндегі басты-басты тоғыз түрлі мәселені қамтиды.

Олар:

  1. Тәрбие басы – (ертегі, жыр, терме, күй, әндер) алдымен әдептілікте;
  2. Мейірімді болуға;
  3.  Еңбекқор, тіл алғыш;
  4. Адалдық пен шыншылдық;
  5.  Білімге құмар білгір болуға, ұстаз бен ата-ананы сыйлауға;
  6. Адамгершілік пен жанашырлыққа;
  7. Баланың мінез-құлқының жақсы болуына;
  8. Халық алдында қызмет етуге;
  9. Домбыра тартқан бала ешқашанда қатігездік шықпайды;

Ел қорғаны батыр бол- деп, өз Отанын шын сүйетін,  патриоттық сезімі мол  азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қазіргі заманда музыка пәнінің қамтымайтын саласы жоқ. Мысалы әдебиет, математика, бейнелеу, таным, әлеуметтік орта, дене шынықтыру, әден-ғұрып, салт-дәстүр барлығы музыкамен байланысады. Қолданылатын әдістер немесе сабақтың түрлері: аралас сабақ, кіріккен сабақ. Сабақ құнды өтілуі үшін — өленді мәнерлеп оқу. Жеке орындау, хормен орындау, дыбысты баптау. 2 дауыста ән айтқызу, жұмбақ, жаңылпаш, сөзжұмбақ, тест, викториналық сұрақтарды шешу, мақал-мәтел айтқызу, өлең  жолдарын шығаруға баулу, суреттеу, музыка тыңдату әдістерін қолданамыз. Пәнаралық байланыс — әдебиет, тарих, математика, геогафия, жаратылыстану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, психология, философия, т.с.сТәрбиелік мәні: ең бірінші әдептілік, мәдеиеттілікке баулу, кішіпейіл, адал болуға талпындыру, білімді, ақылды, ұстамды болуға баулу, өнерге құмарлығын арттыру, ізденімпаздыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: балада-ойыншылдық, әдемілік әдептілік, байсалдылық, өнерге құмарлық, ән айту және аспапта ойнау қабілетін, көркем сөз оқу, сөздің, музыканың, суреттің мән-мағынасын тереңірек түсіну, патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту Музыканың тамаша үлгілері адамның санасын оятуға, оның бойынан күтпеген талант пен қабілетті ашуға себепкер болады.

Қазақтың маңдайына құдай кең дала, көмейіне құйылтып ән мен жыр берген. Мұңды, әдемі үнді қобыз, күміс көмей домбыра берген.Қазақ халқына оңайлықпен берілмеген дала. Талай баларымыз үйде туылып, түзде өлген. Қарусыз қалған ана мен бала өздерін өлеңмен жұбатқан, қобыз бен домбыра үнімен жұбанған. Тамырын тереңнен тартқан күй, ән-жыр, өлең деп аталатын киелі ұғым қазақ сүйгеніне жөргегінен сіңген өнер. Бүгінгі таңба қазақта қандай жақсы қасиет  болса, сол қасиеттің бәрі ана әлдиінен бастау алаған қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті..
Қазақ баласына даладай маңғаздық, таудай асқақтық, теңіздей тереңдік,  бұлаұтай тазалық, баладай аңғалдық, қойдай момын сабырлы мінез – бәрі-бәрі ән-күй, өлеңмен дарыған.

«Туғанда дүние есігін –ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең»-деп, ұлы Абай атамыз бекер айтпаса керек. Егер құдай әу  баста қазақтың маңдайына сөз жазған, өлең жазған, көмейіне ән ұялатқан, көкірегіне күй құйған болса, біз неге оны әрі қарай өз ұрпағымызға мектеп қабырғасында үйретіп, өнеге етіп дарытуға тиістіміз. Қорыта келе айтарым ,дарынды, жас талантты балалар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы екендігі   бәрімізге белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық аяқ-қолымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті… » -деп атап көрсеткенбалаларымызды қазақы әуенмен, ұлттық өнерімізді бойына сіңіре, біріге отырып тәрбиелеуге шақырмын. Сонда ғана болашақтың іргесін бірге қалайтын жан-жақты дамыған, талантты ұрпақ тәрбиелей аламыз!