мектеп туралы тақпақ

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өздеріңізді қимаймыз.

 

Қош бол өскен бақшамыз,

Айдын шалқар үйіміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған бақшамыз.

Еркелейміз ойнаймыз,

Күнде думан құрамыз.

Күн шуағын төккендей,

Қош бол балабақшамыз.

 

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғыңдар,

Ер жетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын,

Туған дала қуансын.

 

Қуанышымыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін,

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл- қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін.

 

 

 

 

 

 

 

Балабақша бесігім

Тағы бір той жасайық!

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық!

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше,

Бақшамызбен қоштасатын.

Бүгінгі той ерекше.

 

1.Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз.

 

2.Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата- ананы

Мектепке кетіп барамыз.

 

3.Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.

 

4.Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.

 

5.Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

 

 

 

 

 

 

Нұралы:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік.

Сүйген өз қыз, өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Меңгеруші Рысқал Василқызы

Еңбегіңіз біз үшін,

Айтамыз біздер мың алғыс!

Аймира:

Әдіскер Қапиза Айтмағанбетқызы сізді де

Алғыс айтып қимай барамыз,

Қабыл алып мына гүлімді

Әрқашан да әдемі болып жүріңіз.

Илхам:

Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойыңызға сән берер,

Би де билей аламыз

Мұның бәрін үйреткен,

Гүлжан Хамитқызына

Балалардан мың алғыс!

Айзада:

Баулап баптап өсірдіңіздер

Бұзықтық етсек кешірдіңіздер.

Ұмытпаймыз сөздеріңізді,

Ұмытпаймыз өздеріңізді,

Айгүл, Анар, Алма апайлар,

Сіздерге бізден мың алғыс!

Нұржан:

Витамин жеп қолынан,

Өскен сәби баламыз.

Дәрігер Шайда апай сізге де,

Алғыс айтып барамыз!

Мерейна:

Тәтті тамақ пісіретін,

Айран сүтті ішкізетін,

Сәуле апай сізге де,

Айтамыз біздер мың алғыс!

 

Айдын:

Денешынықтыру сабағында,

Бойымызды жаздық біз.

Денемізді тік ұстап,

Сұлу болып өстік біз.

Замзагүл Қабланбекқызына

Айтамыз біздер мың алғыс!

Ислам:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып психолог апаймен,

Біріншіге барамыз,

Фатима Саруарқызына мың Алғыс!

Темірлан О

Есеп- қисап жүргізетін,

Бақшаға кіріс кіргізетін

Апайымыз Жансұлуға

Біз айтамыз мың алғыс!

Олжас:

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы.

Өсіреді ой сананы,

Біздерге бейнелеуден беретін,

Зәуре Нығызбекқызына мың алғыс!

Балғынбек:

Ойыншық та, кесе де,

Шанышқы мен тәрелке,

Орындық, шкаф, төсекте

Бәрі өзі келе ме?

Соның бәрін табатын,

Шаршамайтын күлетін.

Зыр жүгіріп жүретін,

Лиля апайға мың алғыс!

Анель:

Төсек орын тап- таза,

Аппақ жуған сүлгісі.

Ұлтуған апай сізге де

Балалардан мың алғыс!

Рамазан:

Балабақшаның тігіншісі.

Бейбіткүл Ахметқызы,

Тиянақты барлық ісі.

Алғыс сізге айтамыз!