«Блум таксономиясы» коучинг сабағына жазған рефлекциясы

№1  жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі

Кошкимбаева Куляйхан Әбдіқадырқызының

«Блум таксономиясы» коучинг сабағына жазған рефлекциясы

 

Мен коучинг сабағымды А.Эйнштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсені үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай туғызамын» деген сөзімен бастадым. Өйткені біз естігенімізді, көргенімізді, оқығанымызды уақыт өте келе ұмытуымыз мүмкін, ал өз қолымызбен жасаған заттарымызды адам ұмытпайды екен. Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға тек білім беруші ғана емес, оларды жан-жақты: білікті, кішіпейіл, адамгершілігі мол, дарынды тұлға етіп қалыптастыруға еңбек етуіміз керек.

Блум таксономиясы әлемнің көптеген елдерінде қолданылады екен, сол сияқты біздің елімізде де Блум таксономиясының тапсырмалар деңгейі бойынша сабақ жоспарын жазу ұйымдастырылған. Біздің мектебімізде анықталған проблема ішінара педагогтар әлі де: «Блум таксономиясының деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын жобалай алмайды». Осы қажеттіліктерді ескеріп, коучинг сабағымның мақсатын: «Мұғалімдердің Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын жобалау іс-әрекетін қалыптастыру» деп алдым. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді қойдым:

  • Коучинг өткізу барысында мұғалімдердің Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын жобалау іс- әрекетін ұйымдастыру;
  • Блум таксономиясын түсіну үдерісіне мұғалімдерді кіріктіру;
  • Игерген қабілеттер бойынша рефлексия ұйымдастыру;

Коучингке 18  мұғалім қатысты.

Кеспе қағаздарға блум таксаномиясының тармақтарын жазу арқылы

1 топ: «Білу, түсіну»

2-топ: «Қолдану, талдау»

3-топ:«Жинақтау,бағалау» педагогтар  3 топқа бөлініп отырды.

Таныстырылым «Блум таксномиясы» авторы  авторы Бенджамин Блум 1956 ж…. және Сын  тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылатындығы туралы бейнерфильм  көрсету арқылы мұғалімдер тақырыппен танысты. Қосымша ресурстардан Джигсо әдісі бойынша өз бетінше Блум таксономиясы туралы түсінік алды. Тақырыпты оқып түсінді, ой түйді. Ары қарай топта мұғалімдер өз бетінше материалды меңгеріп тақырып туралы өз ойларын ортаға салады.  «Диалогты оқыту» модулі  жүрді. Диалогтық оқытудың тиімділігін түсіне отырып, топпен жұмыс жасау арқылы бір бірінің білімі мен идеясын қолдануға, бағалауға, талдауға және өз ұстанымдарын дәлелдеуге  үйренеді. Келесі кезекте 1- «Білу, түсіну» тобына «Компьютер», 2- «Қолдану, талдау» тобына «Есік», 3-«Жинақтау,бағалау» тобына «Бесік» қарапайым тақырыбына постер құрып, Блум таксономиясының тапсырмалары деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілерін дайындап, көпшілікке  қорғады. Топтар бір – бірінің жұмыстарын

«2жұлдыз, 1ұсыныс» әдісі

ê  — жағымды әсерін айтады
ê  — ұнаған жайттарды айтады
!  — ұсыныс немесе бір жаксы тілек айтып қалыптастырушы бағалау жүргізілді.

 

Сабақтың соңы  «Шеринг» әдісі арқылы

  • Коучинг несімен құнды болды?
  • Бұл білімнің маған қандай пайдасы бар?
  • Ол қаншалықты маңызды және қажетті? деген сұрақтарға кері байланыс ауызша алдым. Коучингке қатысушылар алған білімдері жайлы ойларын ортаға салды..