Қазіргі заманның тәрбиешісі қандай болу керек?

Мектепті – білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім – сол мектептің жүрегі, яғни олардың қолында адам тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымыда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Сондықтан да ұстаздар мен тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы. Қазақстанның болашағы мектептен басталады.

Қазіргі заманның тәрбиешісі қандай болу керек?

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отырғандықтан тәрбиешілерден үлкен жауапкешілікті талап етеді.

Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Ал тәрбиеші жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырын анықтап , мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызады.

Өйткені жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы.

Егеменді еліміздің ертеңін ойлап, білімді де саналы Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өзіндік үлесімді қосып басқаларға үлгі болып, ізбасарларым менен өнеге алса екен деймін.

Тәрбиеші болу – бақыт! «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие сіңіру, болашаққа жарқын бағыт-бағдар беру, келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екені мәлім. Сондықтан да жауапкершілік жүгі ауыр осынау қажырлы іске бой ұрған әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуға тиіс. Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін.

«Кәсібің — нәсібің» дейді  қазақ  даналығы. Шын  жүрекпен  қалаған  кәсіп  арқылы  ғана  және  жемісті  еңбек  арқылы  өмірлік  несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам  алдындағы  құрметіңді   еселей  аласың.  Ал,тәрбиеші  болу – айтуға   ғана  оңай шаруа  болғанымен,  бұл мамандықтың  қоғам  үшін  қаншалықты  маңызы  барлығын  сол  кәсіпті   таңдағандар, осы  жолда  еңбек  етіп  жүрген  жандар жақсы  түсінеді.

Көрнекті  тұлға  Ахмет  Байтұрсынұлы: «Балам  дейтін ел  болмаса, елім  дейтін бала қайдан   болсын»  деген екен. Балабақша  тәрбиешілері  қай кезеңде  болсын  ертеңгі  елім  деп  еңірейтін  ұрпақты  тәрбиелеуге  тер  төгуде. Бұл  жолда  үлкен  ізденіс, парасат  қажет.

Ендеше, тәрбиешінің  әр  күні  ізденіспен,ертеңгі  азаматты  қалыптастыру  жауапкершілігімен  ұштасып  жатады. Тәуелсіз елдің  жас ұрпағын лайықты  түрде   тәрбиелеу біздерге артылған  аса жоғары  міндет. Осы  міндетті  орындау үшін  әрбір  тәрбиеші  жанын салады. Ендеше, олардың  әрқайсысының  еңбегі  қашанда  құрметке  лайық.

Педагог К.гельвеций: «Тәрбиеші – балаларға  ересек  әлемге  есік ашатын  сиқыршы. Тәрбиешінің  білімі  мен  біліктілігіне  тәрбиеленушілерінің  болашағы  тәуелді», деген екен бір сөзінде.

Тәрбиеші –бұл әрдайым үлкен  әріптермен  жазылуға тиіс мазмұнды  сөз  деп  танимын. Өйткені, біз елдің  ертеңгі азаматтарын  тәрбиелеудеміз. Өйткені, біз  жас  ұрпаққа  қазыналы да бай ана  тілі – қазақ тілін сіңірудеміз. Тіл арқылы  бала бойына  ұлттық  құндылықтарды, дәстүрден салтты,ұлтымызға  тән  ізгіліктерді, жалпы адамзатқа  ортақ  өркениеттік ұстанымдарды  жұғысты етудеміз. Даңқты қаһарман Бауыржан  момышұлы: «Анамыздың ақ  сүтімен  бойымызға дарыған  ана  тілімізді  ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, бар тарихымызды  ұмыту  деп ескерткен  болатын. Біз осынау  қауіптің  болмауына  бас-көз  болып, тіліміздің,дініміздің жас ұрпақ  бойына бай әрі  қазыналы  қалпында  сіңірілуіне  күш  салудамыз»

«Ұстаздық еткен  жалықпас, үйретуден балаға» деп  ұлы  Абай  атамыз  айтқандай, менің де  осынау   қастерлі мамандықтың  иесі  атанғаныма  37  жыл  болған екен. Қиындығы мен қызығы,ауыртпалығы  мен  жауапкершілігі  қатар  жүретін  осы еңбектің  жолындағы  педагогикалық  ұстанымым – үнемі  жаңалыққа  ұмтылып, алдыңғы  қатардан  көріну  және  әр  тәрбиеленушімнің  бойынан  жылт еткен  жақсылықты, талап пен талантты  тауып, бұлақтың  көзін  ашу, биікке  жетелеу, сондай  ізденістер  арқылы биік  мақсаттарды  орындау. Тәрбиеші  болу – әр  балаға  екінші  ана  болуға  парапар  еңбек.  Анадай   мейірім   мен  қамқорлық  таныту, аялы сөздермен  ілтипат  білдіріп, ізгіліктерге  бағыттау  біздің  күнделікті  еңбегімізде  өріліп жатыр. Сондықтан  да  бұл іс  екінің  бірінің  қолынан  келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын  тереңнен  сезінетін, өз ісін  жан – жақты  білетін, бүлдіршіндерді  жан – тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай  білетін нағыз  маманның  қолынан  ғана  келетін  жұмыс. Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе  білмесең, тәрбиелеу  құқың жоқ», деген екен.

Ал,В.Сухомлинский: «Баланың  шығармашылық  қабілеті  мен  дарынының  бастауы – саусақ ұштарында», дейді.Осындай қағидаларды  басшылыққа  алған  мен  өз тәжірибемде:

Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал..