Туған жерім – тұғырым

Сыныбы: 7 «А», 7 «Б»

Пәні: Өлкетану

Сабақтың тақырыбы: Туған жерім – тұғырым

Сабақтың мақсаты: туған жер тарихы, туған жердегі ұлттыр мен ұлыстардың салт-дәстүрлерімен танысып білу. Н. Н. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың нәтижесі: оқушылар туған жер тарихын, туған жердегі ұлттыр мен ұлыстардың салт-дәстүрлерімен танысып біледі. Н. Н. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысады

Сабақтың барысы:

Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

туған жерім – тұғырым, өскен елім — өзегім атты жарыс сабағымызды бастаймыз.

әділқазыларды таныстыру

7»А» сыныбынан құрылған «Жалын» тобы

7 «Б» сыныбынан құралған «Алғырлар» тобы.

І бөлім. Әр топ өздерін таныстырады

ІІ бөлім.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Демек, туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

«Туған өлкені сипаттау» өлкені видео, слайдттар арқылы таныстыру

ІІІ бөлім.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

«Туған өлке тарихы мен шежірелірі» туған өлкенің аңыздары мен шежірелері

Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.

ІY бөлім. Сұрақ-жауап. Елбасымыздың «Болашыққа баағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан сұрақтар

1) Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қашан шықты?  2017ж 17 сәуір

Мақала қанша, қандай бөлімдерден тұрады? 2 бөлім.  ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ, ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

 

2) бәсекелік қабілет дегеніміз не? Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

 

Прагматизм деген не? Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3) болашақта ұлттың табысты болуы неде? Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.

Қазіргі қоғамдағы шынайы мәдениеттің белгісі? Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді

4) «қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын». Қандай екі ереже? Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

Табысты болудың ең іргелі басты факторы? Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5) ерте орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі әліпби? Түркі жазуы

1940 жылы енгізілген әліпби? Кирилица

6) Хғ-дан ХХ ғасырға дейін қолданылып келген алфавит? Араб

1929 ж. қабылданңан әліпби? Латын

 

Y бөлім. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.

Қаншама ұлттар мен ұлыстар қазақ жеріне қоныс аударып, осы жерде тұрақтап қалды. Сол ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. «Жалын» тобы — өзбектер. «Алғырлар» тобы қырғыздар. Екі ағайынды ұлттардың ән-күй өнері мен ұлттық тағамдары

YІ бөлім. Қорытынды

Кең далалы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз.

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

өмірді алға бастырамыз өрлейміз —

сертің осы, азат жігіт, азат қыз!

Байтақ отан – туып-өскен өз елім,

өмірімдей өршіп аққан өзенім!

Артым жақсы, алдым қандай тамаша,

«бөтен елдің падишасы болғанша,

өз елімнің терсем артық тезегін!»

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған, бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бқл даланы көріп алғаш қуанғам,

бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Жеңімпаздарды анықтау, жүлдегерлерді марапаттау.