Пішіндер әлеміне саяхат

 

4                           «Пішіндер әлеміне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік:  Түстерді ажырата білуге, пішіндерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:ырғақ сезімі мен қимылдың координациясын дамыту.

Ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, бір-бірін құрметтеуге. Шапшаңдыққа

Тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топтық

Бала саны: 3

Қолданылатын көрнекіліктер  түрлі-түсті түске боялған пішіндер, кілемше.

І Кіріспе бөлім

  1. Ырғақтық бой сергіту.

Педагог музыкалық аспаптар еліне саяхаттауды ұсынады: саптық жүріс, шашылып жеңіл секірулер, бір орында секірулер.

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Оркестр» жаттығуы.

Мақсаты: Қарқын сезімін дамыту.

Педагог балалардың ішінен дирижер таңдайды, ал қалған балалар – оркестрлер, балаларға музыкалық аспаптарды таратады. Музыка басталғанда дирижердің көрсетуі бойынша барлығы аспаптарда ойнайды, аккомпанементке байланысты ойынды жылдамдатады немесе баяулатады

Біз келіп тұрып, сыбызғы ойнадық:   шеңбер бойынша саптық жүріс

Ду-ду-ду, ду-ду-ду.                             Сыбызғыда ойнағанды бейнелейді.

Біз келіп тұрдық та, барабан ұрдық.   шеңбер бойынша саптық жүріс

Тра-та-та, тра-та-та.                            Барабанда ойнағанды көрсетеді.

Біз келіп тұрып, домбыра тарттық.     шеңбер бойынша саптық жүріс

Др-др-др, др-др-др.                           Домбыра тартқанды бейнелейді.

Біз келіп тұрып, қоңырау соқтық.              шеңбер бойынша саптық жүріс

Дың-дың-дың, дың-дың-дың.           Қоңырау соққанды бейнелейді.

 

«Пішіндерді тап» ойыны

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Қимыл координациясын сақтау

 

Балалар қатар-қатар тұрады. Нұсқаушы бір баланы ортаға шығарып Өзіне ұнаған пішінді алуға нұсқау береді, бала қолына пішінді алып оның қандай пішін екенін және түсі қандай екенін айтады. Бала қимыл координациясын сақтай отырып таңдаған пішінді қолына ұстап, таңдаған пішіндерін аттап тауып өтеді. Бала қателескен жағдайда тақпақ айтады немесе өз өнерін көрсетеді.

 

«Бұрышарды құрастыр» ойыны

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

 

Балалар шырпыдан үшбұрыш, төртбұрыш құрастырады.

Не себепті үшбұрыш болып тұр?
Үшбұрышта неше бұрыш бар?
Не себепті төртбұрыш болып тұр?
Төртбұрышта неше бұрыш бар?

 

ІІІ Қорытынды бөлім:

«Автобус» жылжымалы ойыны

Мақсаты: ырғақ сезімін, қимыл координациясын дамыту, қимыл автоматтығын жеңу.

 

Мысалы, мұғалім: «Балалар, қазір біз сендермен автобуспен серуендеуге шығамыз (балалар айнаның алдына орындық қойып, соған отырады). Біз жүріп келе жатырмыз, ал бізге қарсы күн жарқырап тұр. Оның сәулелері өте жарық, көзді қарықтырып жіберді. Көзіміз ауырмас үшін, қане сығырайтайық (балалар көзін сығырайтады). Автобус көпірдің астына кіріп кетті, күн жасырынып қалды. Көздеріңді  ашыңдар (балалар көздерін ашады). Ары қарай жүреміз. Біздің автобус солға бұрылды (балалар орындықтарын бұрады), және күн оң көзімізге жарқырап түсті. Қане оны сығырайтайық (балалар оң көздерін сығырайтады). Ал енді автобус оңға бұрылды, балалар орындықтарын бұрады), және күн сол көзімізге жарқырап түсті. Қане оны сығырайтайық (балалар сол көздерін сығырайтады).  Міне көлеңкелі саяжолға шықты, және күн бізге кедергі жасамайды. Қараңдар,  құмсалғышта балдырғандар ойнап жүр, ал бір ересек бала балдырғаннан ойыншығын алып қойды. Балдырған жылап отыр (мұғалім сәйкес сюжеттік суретті көрсетеді). Балдырған не істеді? Қанекей, біздің оған ашулы екенімізді көрсетейікші. Қабақтарыңды түйіңдер (балалар қабақтарын түйеді). Ал енді қараңдар — ит мысықтардан қашып барады (сурет көрсетіледі). Осылай жиі бола ма? Қане, бәріміз таңғалайық (балалар қабақтарын көтереді). Біз ұзақ жол жүрдік, күн шуақты, ыстық болды, және бәрінің су ішкісі келді. Аузымызға су жинап, ұстап тұрамыз (балалар ұрттарын үрлеп толтырады). Суды жұтамыз (балалар бір сарынды ауаны ұшырады және жұтыну қозғалысын жасайды). Суды бір ұртқа жинаймыз (балалар бір ұрттарын үрлеп толтырады), екіншісіне (басқа ұртын үрлеп толтырады), жұтамыз. Мінекей, біз демалдық, шөлімізді қандырдық, енді үйімізге қайтамыз».

Музыкаға релаксация

Сабақты бекіту:Балаларды мақтап-мадақтау. Балалармен қоштасу.