«Алақай, жаз!» атты музыкалық ойын-сауық сценарийі

«Алақай, жаз!» атты музыкалық ойын-сауық сценарийі.

Ашылуы.
Көңілді ән ойналады. Ортаға кейіпкерлер бірінен соң бірі өздерін таныстыра отырып, сахнаға шығады.

Аю:  Сәлем, достар!
Мен кіммін?

Әтеш: Сәлем!
Қандай әдемі балалар!   (Түлкіге қарап)   Бүгін біз не істейміз?

Түлкі:  Әрине, тойлаймыз! «Бәйтерек» бақшамызда дүбірлі той!  Жаздың күні, біліп қой.

Қоян:  Алақай – ау, алақай.
Той тойлайық балақай.

Қасқыр:   Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай

 

Жүргізуші:                   Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға.
Қызықтап көркін күн ұзын,
Асыр сап көкте ойнауға.

Сәлеметсіздер ме, біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміз және  қонақтар.

Бүгінгі «Алақай,  жаз!» атты музыкалық ойын — сауыққа қош келдіңіздер!

Балалар, көңіл-күйлеріңіз қалай?

Олай болса, біз бастаймыз. Алдарыңызда «Біздің балабақшамыз» әнімен бір топ балаларды қарсы алыңыздар.

(Ән орындалады.)

 

Жүрг.:    Келесі  номерде «Ақ гүлдер» биі.

Жүрг.:   Ой, бізге қонақ келіп қапты ғой. Сәлеметсіз бе?

Балапан:    Сәлеметсіздер ме?  Мен  қалып қойған жоқпын ба?

Жүрг.:   Қайдан қалып қойдыңыз?

Балапан:   Мен  жазғы ойын-сауығына кешіккен жоқпын ба?

Жүрг.: Сен балапан, бізге асығып келсеңіз, онда кешіккен жоқсыз. Бірақ, бүгін бізде жазғы ойын-сауық емес, жазғы  музыкалық ойын-сауық болып жатыр.

Балапан:   Енді не істеймін? Мен мұнда бекер келдім бе? Жарайды, кетейін онда.

Жүрг.:   Жоқ, әрине, ешқайда кетудің қажеті жоқ, бізбен бірге қалыңыз, солай ма, достар?

Балапан:   Ал мен не істеймін сонда?

Жүрг.:    Не істегені қалай? Балапан, сен өнерпаздарымызға жанкүйер болып, оларды қолдайсыз.

(Балапан шапалақтап кетеді)

Жүрг.: испан биі

 

Жүрг.: «Ойыншықтар әні»

Аю:   Балалар, сендер қандай тамашасыңдар? Сендердің араларыңда менің Машам жоқ па, таба алмай жүрмін! Өзі сондай бұзық қыз! Маған Машаны тауып алуыма көмектесесіңдер ме?

 

(Маша осы кезде, отырған балалардың арқаларына кезек – кезек аюдан тығылып жүреді)
Аю:  Балалар, егер Машаны көріп тұрғандарың болса, маған қолдарыңмен көрсетіңдерші. Қане, Маша қайда?

(Аю Машаны тауып алады да)
Аю:  Маша жүр қайтамыз, жүре ғой. Варенье қайнатамыз.
Маша: — Жоқ, мен бармаймын.  Оданда балалармен біраз ойындар ойнап, би билеп алайықшы, сосын қайтамыз. Өтінеміііііін… (Маша қыз жерге отырып алып, жылайды. Аю қолынан сүйрелейді)

Аю: — Ал бармасаң балалармен бірге бір билеп алайық, сосын қайтамыз.
(Көңілді музыка ойнайды, барлық балалар, билейді)
Жүрг.:     Көңілді жаз, тамаша,
Ән саламыз жараса.
Шыр айналып би — билеп,
Ойнаймыз — ау таласа.
Көңілді жаз, тамаша,
Күледі күн қараса.
Жағасында ойнаймыз,
Жалаң аяқ балаша.

Би «Шапалақта алақан»

 

«Көңілді жаңбыр» әуеніне аспаптық орындау, балалардың өнеріне қол соғамыз.

Жүрг.:        Адалдықты ту еткен,

Бал жүзінен күн өткен.

Балдырғандар бақытты,

Бақшамызға гүл еккен,

Болашаққа барамыз,

Жұлдыз болып жанамыз,

Бәсекеге әлемдік,

Қазақ атын жазамыз.

Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн жақсы болсын, сау болыңыздар!

Қоян мен қасқыр шу көтеріп, таласып сахнаға көтеріледі.

Қоян:     Мен бірінші!

Қасқыр:     Мен бірінші!

Қоян:      Жоқ, мен бірінші!

Қасқыр:     Жоқ, жоқ мен бірінші!

Жүрг.:    Бұл не талас?  Не шу?

Қоян:   Мен ең жылдам, шапшаң,  жүйрікпін десем. Қасқыр шатақ шығаруда…

Жүрг.:   Жақсы, түсінікті. Олай болса екеуіңіз екі бала «дос» таңдаңыздар. Кімнің досы велосипедпен шапшаң келсе, сол бірінші, келістік пе?

Екеуі:    Келістік.

Велосипедпен жарыс ойынымен аяқтау.