Балалардың ойын дамытуға арналаған тренинг.

Балалардың ойын дамытуға арналаған тренинг.

 

 

Өткізілген күні : 15.11.2018ж.

 

Өткізілген топ : «Құлыншақ»

 

Мақсаты : Тәрбиеленушілердің есте сақтау қабілетін арттыра отырып,логикалық ойлау дағдыларын  жетілдіру.

 

Міндеті : Есте сақтау қабілетін дамыту.

 

Қажетті материалдар : жүрекше

  1. Сәлемдесу .

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,психолог жүрекшені  алып өз есіміне жылы сөз қосып айтып,қасындағы балаға береді.Жаттығу осылай жалғаса береді.

  1. «Төртіншісі артық» әдістемесі.

Психолог тақтаға  суреттер іледі.Қай сурет артық екенін балалар табулары қажет.Мысалы: үш ыдыстың суреті ,бір мысықтың суреті ілінеді.

 

  1. «Күн мен түн» ойыны.

Үстел үстіне бірнеше ойыншықтар қойылады.

Психолог балаларға түн дегенде балалар көздерін жұмады,сол кезде психолог бір ойыншықты алып  тастауы қажет.Ал күн дегенде көздерін ашады,яғни қай ойыншық жоқ балалар соны табулары керек.

 

 

 

Педагог – психолог                          Ж.Д.Рамазанова