Мамандыққа баулу

Мамандыққа баулу

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы,

Теректі ауылы. ЖББ «№30 орта мектебі».

Технология, экономика, сызу,

қосымша білім беру педагогы

К.Мизамбаева

 

 

10-11 сынып аралығандағы  еңбек пәнінен кәсіптік  мамандық  беруде қыз балаларға қазіргі заман талабына сай тоқыма тоқу өмір сүруге бейім етіп  тәрбиелеуді мақсат етеді.Қыз бала болашақ отбасы ұйытқысы сондықтан оның шебер болуы,іскерлігі,адамгершілігі мол және иманды  болып тәрбиеленуі он саусағынан өнер тамған бесаспап атануы-қазіргі заман  талабы.Сондықтан қыз балалар  киім тіге білуге және тоқыма киімдерді тоқи білуге  жағдай жасауы керек.

Қазіргі заман талабына сай және жергілікті жердің мал шаруашылығына байланысты  төрт түлік малдың жүнін,түбітін іске асыруға байланысты 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік мамандық беруде тоқыма тоқу курсын өткізіп,тоқымашы мамандығын  даярлауға байланысты сабақ беремін.Оқушыларды іскерлікке үйретіп еңбекке баули отырып шығармашылық жоба жасауға көп мән беріледі.Бұл оқушыларды шабыттандырып қиялға бөлейді..Қызығушылығын ,шеберлігін ,эстетикалық талғамын,ойлау қабілетін,шапшаңдығын,ептілігін дамыта отырып қазақ халқының қолөнері  тоқыма тоқудың әдіс –тәсілдерін жан-жақты меңгеруіне іскерлікке жолы ашылады.

Бағдарламамен  жыл басында оқушыларды таныстырып атқарылатын жұмыстардың ,сағат санымен  және әр сабаққа қатысты пайдаланылатын тоқыма құралдары (біз,жіп) туралы түсінік беру керек.Бағдарламамен оқушы толығымен танысып іскерлікпен жан-жақты  жұмыс жүргізе білуі тиіс.Алдымен өнерді халықтан үйреніп,көне мұрасын тауып,жаңғыртып іске асыру перзенттік парыз деп түсіну керек.Соған орай 10-11 сынып оқушыларына тоқыма  қолөнерінің маңызы  өте зор.

Бағдалама жобасында ұсынылған тоқыма қолөнерінің мазмұны әр түрлі және жан-жақты пәнаралық байланыста жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сабақтағы пәнаралық байланыс бұл оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіріп,оқушылардың өздігінен  шешетін мәселелерін көбейтіп,болжау жолдарын тауып тапсырмада берілген мәліметтерді шеше отырып,ойлау әрекетін бағалауды еңбек сабағы үстінде жүзеге асыру керек. Тоқыма бұйымдарының үлгісін таңдау,олардың үлгідегі ұқсастығын айыра білу,оқушыға өз бетімен жұмыс жүргізуге жағдай жасау ұйымдастырылады.Бағдарлама аптасына екі сағаттық жүктеме ретінде жасалады. Базалық білім  мазмұнында  негізгі қаралатын  мәселелері  бағдарлама бойынша ұсынылады.

  • Қолөнердің тарихын,даму сатылары,түрлері,тоқыма қолөнерінің маңызы.
  • Жергелікті шикізатты пайдалау.
  • Тоқылатын бұйымның ,жіптің түріне қарай өрнектерді таңдау.
  • Үлгі сызу,тоқыма бұйымдарын бөліктерін қосып тігу,әшекейлеу.(инемен,ілмек бізбен т.б)
  • Қолмен және тігін машинасымен бұйымдарды өңдеу.
  • Қауіпсіздік ережелері туралы ескерту.

А ) Техникалық-технологиялық қауіпсіздік

Б) Құрал саймандар

В) көрнекіліктер

Г) топсеруен

Д)Сарамандық жұмыстар

Ж)ұсынылатын бұйымдар

Бағдарламаның соңында қажетті әдебиеттер ұсынылады.

  • Көркем еңбек,1998 ж(Рауан баспасы,тоқыма ,қолөнер)
  • Шаңырақ энциклопедиясы
  • Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары 1993 ж М.Өмірбекова
  • Тоқыма қолөнері: көркем еңбек,1993 ж Рауан баспасы .
  • Ұлттық қолөнер .Ш.Абдуалиева (Рауан баспасы) бағдарлам
  • Киім тігуді,үлгі сызуды,пішуді тоқуды үйрену.Алматы 1961 ж
  • Технология туралы: 2005 ж №2, №7, №8
  • Технологиялық әдістемелік нұсқау 7,8,9 сыныптар

Тоқыма тоқу қолөнері 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік мамандық ретінде ата-налардың сұрауы бойынша жасалады, онда оқушылар  тоқыманың жеңіл түрінен  бастап бірте-бірте тақырып күрделене бастайды.Барлық тақырыпта жасалатын бұйымдардың тоқылу шарты бір-біріне ұқсап,шалуларды ілу математика сабағына байланысты жүргізіледі.Бұл сабақта оқушылар түрлі шұлық үлгілері және шолақ жеңді үлгідегі киім тоқып үйренеді.Бұл тоқыма қолөнері оқушылардың келешекте іскерлікке деген шеберлігін көрсетеді.Әр тоқсанда сабақты  аяқтағанда  шебер оқушылардың жұмыстары іріктелініп алынып,ауыспалы стендіге қойылып отырылады.

Оқушылардың жұмыстарын бейнелеу,талдау оқушылардың ұсынысы бойынша жасалады.Шебер оқушылардың сәнді бұйымдары  «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты тоқсандық  ауыспалы стендіге ілініп,мектепішілік шараларда,жарыстарда ,көрмелерде ата-аналар жиналыстарында көрсетіліп шебер оқушылар марапаттауға ие болады.

Сондықтан оқушының қызығушылығына ертедегі халықтың  дәстүрін ,ісін жаңғыртуға, оқушыларға еңбекті үйретіп 10-11 сыныпқа кәсіптік мамандық беруде тоқыма қолөнерінің маңызы өте зор. «Даяр асқа қасық дайын демей » даяр тоқыма киімдерін сатып алғанша тоқыма тоқып  барлық киім –кешек үй жиһаздарын  тоқып үйрену қыз балалардың келешек өміріне жол ашады.Қазақта мынадай мақал бар: «Білімді өлмес қағазда аты қалар,ұста өлмес істеген заты қалар»-деген.Білімпаз,ізденімпаз,ұста шебер адамның ешқашан аты өлмейді дегендей  біз мектеп бітіріп кеткен оқушылардың істеген бұйымдарын еңбек кабинетінде көрмеге қойып,оқушыларды ынталандыру үшін дәріптеп,мадақтап үлгі ретінде  оқушыларға көрсетіп,пікір-сайыс өткізіп отырамыз.Сондықтан атадан балаға жалғасып келе жатқан тоқыма өнерін қыз балаларға үйретіп 10-11 сынып оқушыларын кәсіптік тоқымашы мамандығына баулу керек.