smkedu.kz Жаңалықтар Нәпіл оразалар

Нәпіл оразалар

| | 0 Comments | 05:26

С: Рамазан айынан басқа кезде де ораза ұстауға болама?

Ж: Рамазан оразасы парыз, қалған оразалар нәпіл саналады. Ораза ұстағанға Алла тағала мол сауап жазады.

С: Қай күні нәпіл ораза ұстауға  болмайды?

Ж: Жыл ішінде мына бес күнде ораза ұстаудан тыйым салынған.

Олар :

  1. Пітір айт күні;
  2. Құрбан айт күні.
  3. Құрбан айттан кейінгі ташриқ күндері.

С: Бір оразадан бір оразаның артықшылығы бар ма?

Ж: Иә, хадистерде кей оразалардың абзалдығы баяндалған. Айша намыз (р.а): « Пайғамбарымыз дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстайтын», — дейді

Әбу  һурайрадан (р.): Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Дүйсенбі мен бесенбі күндері адам баласының амалдары аспанға көтеріледі. Мен амалымның оразамен көтерілгенін қалаймын»,- депті.  Әбу һурайра (р.а): «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сапарда да, тұрғылықты кезде де айдың 13,14,15 – күндерін оразасыз өткізбейтін еді», — дейді. Әбу Қатада (р.а): «Арапа  күні (Зулхижжа айының тоғызыншы күні) ұсталған оразаны екі жылдық, ал Ашура күні ұсталған оразаны бір жылдық оразаға болады дегенін естідім», — деген екен.

Әбу Айуб әл- Ансарийдан (р.а) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазаннан соң келетін шәууәл айында кім алты күн ораза ұстаса жыл бойына ораза  ұстағанмен тең», — дейді» , — деп көрсетілген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Сарыағаш медресе колледжі барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды!

Қызыққа толы студенттік өмірҚызыққа толы студенттік өмір

Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерді дамыту мақсатында, Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»