smkedu.kz Жаңалықтар Сиыр зекеті

Сиыр зекеті

| | 0 Comments | 03:10

С: Қанша сиырдан зекет беріледі?

Ж: Отыздан кем шаруа сиырынан зекет берілмейді. Ал сиыр саны 30 (отызға) жетсе, отызының далада жайылғанына бі ржыл болса, одан бір жасар өгіз немесе тана зекет ретінде берілуі парыз саналады. 40 (қырыққа) жетсе, одан екі жасар бұқа немесе құнажын. 40 (қырықтан) 60 (алпысқа) жеткенше жоғарыдағыдай яғни әр отыздан бір жасар бір мал, әр қырықтан екі жасарын беріп отыру парыз. Имам Әбу Ханифаның (р.а) үкім – шарты бойынша, 40 – 60 дейін бір сиырға көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан бірін (оннан бірінің төрттен бірін), екеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан екісін (оннан бірінің жартысын), үшеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан үшін (оннан бірін) беру керек деп санаған. Имам Әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммедтің (р.а) үкім шарты бойынша, 40 (қырықтан)  60 (алпысқа) дейін ештеңе парыз емес. Кейін сиыр саны 60 (алпысқа) жетсе, бір жасар бұқа немесе танадан 2 (екеуін), 70 (жетпістен) 1 (бір) бір жасар бұқа мен 1 (бір) екі жасар құнажын, 90 (тоқсаннан) 3 (үш) бір жасар бұқа беріледі. Мал саны 100 (жүзге) жетсе бір жасар 2 (екі) бұқа, екі жасар « (1) құнажын беру парыз. Кейін осы парыз санақтың есебі әр он сиырда бір жасардан екі жасарға ауысып отырады.

С: Жабайы өгіздерден қанша зекет беру парыз?

Ж: Жабайы өгіздер мен шаруа сиырлардың зекет есебі бірдей.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылдыСарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды

Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды. Спорттың керме және серіппе түрлерінен өткен жарысқа оқу орнының барлық студенттері қатысты. Білім мекемесінің директоры Дінмұхаммед Сманов

Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса бүгінгі күн ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухпен тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына