smkedu.kz Жаңалықтар Қош келдің Мәуліт!

Қош келдің Мәуліт!

| | 0 Comments | 05:06

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде жиын болып өтті.

Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған, дүниеге келген» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт тек Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с) тән ұғым. Бұл мерекеде күллі жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолына кеңінен тоқталып, ғибрат істеріне мадақ айтады.

Жиынға ауданымыздың бас имамы Қанат Кенжебеков келіп кешімізде қонақ болды.  Аудан имамы Мәуліт жайында тоқталып елімізде мұны бидғатқа шығаратындар да бар екеніне тоқталып Мәуліт жайлы түсіндіріп өтті. Мысыр елінен келген Сарыағаш медресесінің ұстазы  Ахмад  Хэгази  Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, Аллаһтың соңғы Пайғамбарына с.а.у берген нығметі жайлы уағыздап берді. Кешімізде  діни өлеңдер оқылып,  жиынымыз соңында медресеміз ұзақтан жақыннан келген жамағатқа арнап дастархан жайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Әр бір істе бір қайыр барӘр бір істе бір қайыр бар

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынап тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫНХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Нұрбол Қасымов та өз бағын сынады. Қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған шәкіртіміз «көркем сөз» номинациясы