smkedu.kz Ғибратнама Жоғалған байлық қиссасы

Жоғалған байлық қиссасы

| | 0 Comments | 06:25

Бір күні кешке бір адам Имам Әбу Ханифа раҳматуллоҳи алайҳтың алдына келіп «Ей имам, біраз уақыттан бері байлығымды көміп, жасырып келмін, енді сол байлығымды қайда көмгенімді есіме түсіре алмай отырмын. Осы тығырықтан шығуға маған көмек бере аласыз ба?» деп сұрады. Имам  оған: «Бұл фақиһтардың ісі емес. Мен бұл тығырықты қалай шешіп берейін?!» — дейді де, кейін оған «Үйіңе барып, таң атқанша намаз оқы, Аллаһ қаласа  дүниеңді көмген жерің есіңе түседі» деп ұсыныс береді.

Әлгі адам үйіне келіп , намаз оқи бастайды. Аз уақыттың ішінде намаз оқып тұрғанда байлығын көмген жер есіне түседі. Намазын бітіріп байлығын көмген жерге барып ашып алады.

Таң атқасын, Абу Ханифаның алдына келіп, дүниесін тапқанын айтып, рахмет айтып ризашылығын білдіреді және сұрады: «Көмген орнымды есіме түсуін қайдан білдіңіз?» Имам былай деп жауап береді: «Сен намазға кіргеніңде шайтан сені сені еш уақытта тастамайды және сені намаздан жаңылыстыру үшін түрлі тәсілдермен азғырады, соның ішінде байлығың көмілген орынды да есіңе түсіруін білдім»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Ұстазын жылатқан жауапҰстазын жылатқан жауап

Мұғалім, бір оқушыдан үлкейгенде кім боласың деп сұрап еді айналасындағы басқа оқушылар күліп мазақ қыла бастады. Себебі басқа оқушылардың жауабы ұшқыш, дәрігер, сот, прокурор дегендер еді. Бірақ бір оқушы ғажайып

Бес маймылдың мысалыБес маймылдың мысалы

Темір тордың ішіне бес маймыл қойылады. Ортада бір саты тұр. Сатының үстінде жіппен байлаулы әдемі жемістер. Маймылдар сатыға шығып, әлгі жемістерге ұмтылғанда, жоғарыдан мұздай су құйылады.