smkedu.kz Жаңалықтар Ашуланба

Ашуланба

| | 0 Comments | 19:54

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды.

Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді.

Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды:

— Тыныштық па, не болды?
- Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келетіндерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз,- дейді.
— Демек бізге шабуыл жасамақшы ма,- деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланады. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың алейһисалам насихаты есіне түседі.
Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді:
— Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ.
Арғы ауылға жақындағанда, сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемдерінің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді:
— Біздің жастарымыз сендердің малдарыңа зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс.
Арғы көсем бұл кең пейілділіке қатты риза болып:
- Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім,- дейді.
Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Мәсі және жаратаңғышқа мәсіх тартуМәсі және жаратаңғышқа мәсіх тарту

  С: Дәретте аяқты жумауға болама? Ж: Иә, аяқты жуудың орнына аяққа киілген мәсінің үстінен сипап мәсіх жасауға болады. Бұл амал  Пайғамбарымыздың с.ғ.с сахих хадистерімен бекітілген. Муғира ибн Шуғбәдән р.а