smkedu.kz Жаңалықтар БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт түрінен 5 спортшымыз жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебемізді асырды. Атап айтқанда Хафиз Жұмаділдаев пен Өркен Мағжанбеков 2-ші орынды иеленсе, Мұхағали Тұрсынбаев, Әлішер Медеу, Өсербай Абдіғаппар қола медальді місе тұтты. Ал бапкерлер болса, «Алдағы уақытта аталған спорт түрлерінен Республикалық жарыстар ұйымдастырылса, спортшыларымыз топ жаруға дайын», – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Сарыағаш медресе колледжі Зейнул-Абидин Сманов ұстазСарыағаш медресе колледжі Зейнул-Абидин Сманов ұстаз

Ислам әлеміне танымал «Әл-Азhар» университетінің жетекші шейхтарының бірі Мисбах ибн Ибраһим Мухаммадқа Құран Кәрімді толық тапсырып, ғұлама-хафиздардың тізбегімен келе жатқан 10 қырағатты меңгергені үшін Зейнул-Абидин Абдужаппарұлын Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.