smkedu.kz Жаңалықтар,Мақалалар,Медресе ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық, әлімжеттік (буллинг) әрекеттеріне жол бермеу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Сарыағаш АПБ ҚҚБ ЮПТ полиция аға лейтенанты Жүнісбеков Азамат Нұрполатұлы қатысып, колледж студенттеріне құқықтық тәрбие бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың, әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластықты нығайту және құқықбұзушылықтың заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтер берілді.

Сонымен қатар студенттерге бір-бірінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, күш көрсету мен қорқыту әрекеттерінен аулақ болу, қандай да бір қысымға немесе әлімжеттікке тап болған жағдайда тиісті мамандарға жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырдыСарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап,

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.