Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе колледжі» ЖМ студенттеріне «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» біртұтас тәрбие қағидаттары аясында «Сақшы» интерактивті ойынына байланысты ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және интернет алаяқтықтың алдын алу.

Іс-шара барысында студенттерге қазіргі қоғамда кең таралған қаржылық алаяқтық түрлері, қаржы пирамидалары, фишинг және дропперлік әрекеттердің қауіптілігі түсіндірілді. Сонымен қатар жеке және банктік деректерді қорғау, күмәнді қаржылық ұсыныстарды ажырата білу және алаяқтардың арбауына түспеу жолдары жөнінде ақпарат берілді.

Сондай-ақ қатысушыларға «Сақшы» интерактивті ойынының мақсаты мен маңыздылығы таныстырылып, оның қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.

Аталған семинар студенттердің қаржылық сауаттылығын жетілдіруге, заңға құрметпен қарауға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Қаржылық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың кепілі!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *