Сарыағаш медресе колледжімізде “Колледж лигасы” өз мәресіне жетті!

Ұстаздар, тәрбиешілер және студенттер арасында өткізілген бұл жарыс қазан айынан бастау алып, наурыз айына дейін жалғасын тапты.

Сайысқа қатысушылар ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, футбол, қол күрес және гір тасын көтеру сынды 6 спорт түрінен бақ сынады.

Нәтижелері бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен және арнайы қомақты сыйлықтармен марапатталады.

Салтанатты жиында Колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы арнайы қатысып үздіктерді алғыс хатпен марапаттап, жеңімпаздарға сый-сыяпаттарын беріп, кубокты табыстады

Барша қатысушыларды құттықтаймыз!

Screenshot
Screenshot
Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *