Сарыағаш медресе колледжінде 23 ақпан күні ҚР-ның Президенті тапсырмаларын іске асыру мақсатында сейсмикалық оқу жаттығуы өткізілді.
Сейсмикалық дайындық — ең маңызды іс шаралардың бірі. Жаттығуда барлық оқу ордасының педагогтары мен студенттері қамтылды.
Шәкірттер жер сілкінісі кезінде ең алғаш жасалынатын іс-қимылдарды жасап, үйренді.
Сондай-ақ дәліздерді, өткелдерді, баспалдақ торларын және авариялық шығуларды әртүрлі мүліктен толығымен босатып, оларды бос ұстауға арналған әрекеттерді жасады.
Қауіптің алдын алу және қауіп төнген кезде қауіпсіз жерге шығу дағдыларын ұмытпайық!


