Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

Семинарға оқу орнымыздың 50ге жуық оқытушылары қатысты. Семинар директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қалмұратов Тимур Қожакелдіұлының сөзімен бастау алып,әрі қарай “Оқу әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы” жайлы ой өрбіді.
Әрі қарай,кәсіптік пәндер бірлестігінің меңгерушісі Жакипов Жүсіпхан Жұмаханұлы “Араб тілі-Құран тілі” тақырыбында баяндама оқып,ЦӘБ оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақсарту бойынша үлгілі сабақтарын ұсынды.
Кәсіптік пәндер бірлестігінің ұстаздары *Балтабаев Алишер Абдылхафизұлы мен Хайридинов Зухридин Зайнидинұлы* араб тілін жылдам үйренудегі мнемониканың рөлі мен араб тілі морфологиясын игерудегі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.❗️❕
Сонымен қатар,семинар барасында оқытушылар “Оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін тиімді қолдану,оқу жұмыс жоспарын жазу” секілді басқа да тақырыптарда молынан пайдалы ақпараттар алды.
Семинарды ұйымдастырушылар Т.Қалмұратов,Б.Идияева,Ж.Жакипов ұстаздар іс-шара соңында колледж оқытушыларын “Кофе-брейкке”шақырып,кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.

Screenshot
Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *