smkedu.kz Жаңалықтар Жеп-ішуден қалған қалдықты қажетке жарату мәселелері.

Жеп-ішуден қалған қалдықты қажетке жарату мәселелері.

| | 0 Comments | 04:50

 

С: Адамның және жануарлардың жеп-ішкенінен қалған қалдықты пайдалануға болама?

Ж: Адамзат әйел немесе еркек, жүніп(ғұсыл парыз болған адам) немесе хайз-нифас, мұсылман немесе кәпір болса да жеп- ішкеннен қалған нәрсе таза саналады. Еті желінетін жануарлардан қалған нәрсе де таза. Иттен, доңыздан, жабайы жануардан қалған нәрсе нәжіс саналады. Мысықтың, көңтезек шұқитын тауықтан, бүркіт сияқты жыртқыш құстардан, жылан, тышқан сияқты үйлерді паналайтын жануарлардан қалған нәрсе мәкруһ саналады.

С: Мәкруһ нәрсенің үкімі қандай?

Ж: Мәкруһ саналған нәрседен басқасы табылса. Мысалы: бір кісінің алдында мысықтан қалған мәкруһ су және адам ішкен таза су бар делік, мұндай жағдайда дәретті адамнан қалған сумен дәрет алады. Бұл мысық ішкен немесе басқа жануар ішкен суды қолданудан абзал.

С: Мысық ішкен судан басқа су табылмаса, сол сумен дәрет алып, соңынан таяммум жасайма?

Ж: Дәрет алады, таяммумның қажеті жоқ. Өйткені, таза су жоқ кезде, қолдану мәкруһ саналған су таза су ретінде пайдаланылады.

С: Қай жануардан қалған нәрсе күмәнді болады?

Ж: Тазалығына қайшы пікірлер айтылғандықтан есек және құланнан қалған нәрсе күмәнді саналады.

С: Есек немесе құлан ішкен суға тек дәрет ала ма немесе таяммумды қоса жасайма?

Ж: Ондай да, күмәннән құтылу үшін дәретте алады, соңынан таяммумда жасайды.

С: Дәреттен бастайма, әлде таяммумнан ба?

Ж: Қайссынан бастасада дұрыс саналады.

Ескерту: мас қылатын ішімдік ішпесе, тістерінің арасынан қан ақпаса, ауыз толтырып құспаса адамның жеп- ішкенінен қалған нәрсе таза саналады. Ал керісінше жағдайда аузын үш қайта шаймаса, түкірігін бірнеше рет жұтпаса, аузындағы, ерніндегі нәжісті кетірмесе, жеп ішкеннен қалғаны нәжіс саналады. Тышқан жеген немесе оны аузымен қағып алған мысықтан қалған нәрсе нәжіс. Бірақ, көп өтпей, яғни мысық аузын өзінің ойынымен жуғаннан кейін нәжіс белгісі (реңі, исі) кетсе, одан қалған нәрсе мәкруһ болғанымен, аузының тазалығына үкім шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Зәм-зәм суындағы ғажайыпЗәм-зәм суындағы ғажайып

Ұзақ жылдар бойы зәмзәм суы мен кристалдары бойынша зерттеу жүргізген мұсылман зерттеуші мамандармен қатар жапон және неміс ғалымдары да жасаған зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ғажайып сырларымен бөлісті.

Имамдар білімін жетілдірудеИмамдар білімін жетілдіруде

ОҚО өңірі өкілдгінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш медресесінде» ауыл имамдарының білімін жетілдіріп, біліктілігін ұштауға арналған бір апталық дәріс жүріп жатыр.

Қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамызҚазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз

Сарыағаш медресе колледжі Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының ашылу салтанатына ұйымдастырылып жатқан қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз.