Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!
ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ
Рубрики:
Related Post
Жеп-ішуден қалған қалдықты қажетке жарату мәселелері.Жеп-ішуден қалған қалдықты қажетке жарату мәселелері.
С: Адамның және жануарлардың жеп-ішкенінен қалған қалдықты пайдалануға болама? Ж: Адамзат әйел немесе еркек, жүніп(ғұсыл парыз болған адам) немесе хайз-нифас, мұсылман немесе кәпір болса да жеп- ішкеннен қалған нәрсе
Ораза айтыОраза айты
Ораза айт намазы Ораза айт намазы жылына бір рет жиналып оқитын Аллаһ Тағаланың Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмметіне ілтипат етіп берген зор нығметі,


