smkedu.kz Жаңалықтар Жаңылу сәждесі

Жаңылу сәждесі

| | 0 Comments | 21:12

Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп,шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып , біресе жығылып, біресе жығылып, біресе тұрып күбірлеп жүретін есі басы кемістеу жігітті көзі шалған ғұлама қасына шақырып әңгімеге тартады :

— Сен бізге айта қойшы, Сәху сәжде деген не?- деп сұрайды.

Сонда әлгі жігіт:

— Сіздің саху сәждеңізбе , әлде өзімнің саху сәждемді ме? – дегенде ғұлама іштей, мен білетін саху сәжде біреу,мынау тағы не нәрсе айтпақшы өзі, деп таңырқап тұрады да:

— Жарайды алдымен менікін айт, сосын өзіңдікін айтарсың – дейді.

— Сіздің саху сәждеңіз намазда жаңылғанда екі рет қосымша сәжде. Мысалы , намаздың парызын кешіктіргенде, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк еткенде намаздың соңында қателесу сәждесін жасайсыз. Ал менің саху сәждем: Мен қай кезде Аллаһты ұмытсам , сол кезде «жаңылғаным үшін кешіре гөр» деп сәждеге жығыламын, — деп жауап бергенде әлгі ғұлама жігіттің жауабына таң қалып , қанша нәрсе білсе де өзінен төмен санап жүрген өмірлік үлкен сабақ алып үйренері көп екенін түсінген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Ұстаз – ұлағатты есімҰстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек

Пітір садақасыПітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не? Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.

ТаяммумТаяммум

   С: Таяммум сөзінің сөздік және шариғи мағынасы не? Ж: Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет