4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сарыағаш медресе колледж ұжымы және шәкірттері туымызды қастерлеп, әнұранымызды орындады.

Республика көлемінде аталып өтілетін бұл салтанатты жиында колледж директоры Дінмұхамет Сманов ұстаз “Тәуелсіздік ең басты нышаны болған рәміздерді ардақтау мына біздің және өскелең ұрпақтың міндеті. Рәміздеріміз біздің қазақстан халқының асқақ абыройының, өр рухының белгісі” деп сөз сөйлеп барша жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

Айта кетелік, елімізде бір мезетте мемлекеттік ту көкке көтеріліп, әнұранымыз шырқалды.

Айтулы шараның басты мақсаты шәкірттерге мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ұғындыру және еліне адал қызмет етуге, отансүйгіштікке баулу болатын.

Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *