smkedu.kz Жаңалықтар Пісіп жетілген құрмалар

Пісіп жетілген құрмалар

| | 2 комментария | 20:33

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең соңғы болып шығатын. Бір күні бамдат намазында сүйікті пайғамбарымыз намазды бітіргеннен кейін тәсбиһ дұғаларды айтып, асығып шығып кетті. Бұл жағдай бірнеше күн жалғасқаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз:

— Ей Әбу Дәрда! Сен әуелде мешітке бәрінен бұрын келіп, бәрінен кейін шығатын едің. Қазір саған не болды?- деп сұрайды. Хазреті Әбу Дәрда былай деп жауап береді:

— Йа Расулаллаһ! Білетініңіздей құрмалардың пісіп жетіліп жерге түсетін ыстық маусымдамыз. Көршіміздің құрма ағаштарының бұтақтары біздің ауламызға қарай иіліп тұр. Түнде сол ағаштан біздің аулаға түсетін құрмалар, таң атқанға дейін көбейіп кетеді. Бамдат намазынан кейін тез жетіп бармасам, балаларым ұйқыдан тұрғанында құрмаларды жеп қояды. Негізінде мен балаларыма харам жегізбеймін деп Аллаһу та’алаға сөз бергенмін. Сол себептен балаларым оянып аулаға шықпай тұрып, біз жаққа түскен құрмаларды теріп көршімнің ауласына тастаймын. Асығып шығып кетіп жүргенімнің себебі осы.

2 thought on “Пісіп жетілген құрмалар”

  1. Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіден разы болсын)- осы жерде кісіден емес,кісіге десеңіз сөздің мағынасы ашылатындай…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Алапес және тазбен соқырдың оқиғасы.Алапес және тазбен соқырдың оқиғасы.

                Пайғамбарымыздан (Алланың игілігі және сәлемі болсын) Абу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын)Бәни Исраильдан болған алапес және таз мен соқыр үшеуін Аллаһ тағала

БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫБІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт

Үлкен жақсылықҮлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып: — Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар: — Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді. Әлгі кісі шамалы