smkedu.kz Жаңалықтар «Рамазан аруы 2019»

ҚМДБ-ның Алматы облысы Алматы аймағы бойынша өкілі, Қарасай батыр мешітінің бас имамы Қуаныш Наржановтың қолдауымен әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 айға созылған арулар сайысы бүгін өз жеңімпаздарын анықтады!

Бәйгенің бірінші кезеңі əр қаланың орталық мешіттерінде өтті. Ол кезеңнің шарты бойынша Құран Кəрімнің қазақшасы Халифа Алтай нұсқасы бойынша алынды. Шарт бойынша 114 сүреден 114 сұрақ қойылды. Екінші кезеңіне медресеміздің алты шəкірті өтті.
Республика бойынша іріктеуден өткен  жалпы 14 Ару бүгін білімі мен білігіне, Қасиетті Құран жаттау қабілеті мен ислам іліміне қатысты, сондай-ақ қолөнер, сұрақ-жауаптан тұратын 5 сынақта өзара сынға түсіп колледжіміздің шәкірті Оңғарбай Жанар «Өнерлі Ару» атағына ие болып Ұмра қажылығының сертификатына ие болды.

Қазылар алқасы да Нұр-Мүбарак университетінің білімді де білікті мамандары, медресе, қажылық компания өкілдері, Құран хафиздерінен құралған! 

 

1 thought on “«Рамазан аруы 2019»”

  1. Жанар жарайсың. Сенің жеңіске жететініңді сезгем. Аллаһ біліміңді арттырсын !

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Дәрет кітабыДәрет кітабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарының бірінші бөлімінің дәрет үкімдерімен басталуының сыры неде? Жауап: Себебі дәрет намаз оқу үшін орындалатын басты шарт (Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде: «Дәрет- намаздың, намаз – жаннатың кілті»- делінген). Намаз –

Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымызБіз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз

«26 — маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай еркін күрестен 2003 — 2005, 2006 — 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз» атты ұранмен өткен