Күні кеше Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті.

Мұғалімдер кеңесінде өткен оқу жылындағы кемшіліктер ескеріле отырып 2023-2024 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер таныстырылды.

Қатысқан мұғалімдер тың өзгерістер бойынша   өз ойларын ортаға салып, тиімді, тиімсіз жақтары туралы тоқталды.

Сондай-ақ шәкірттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапалы білім беру айрықша назарға алынды.

Колледж директоры оқудың жаңа кезеңімен құттықтап:
-Шәкірт тәрбиесінде оның сапалы білім алуында сіздердің алар орындарыңыз ерекше. Ертеңгі келешігіміздің жарқын болуы сіз бен біздің адал еңбегімізге байланысты. Олай болса жаңа оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол болсын,-деп педогогтер кеңесін қорытындылады.

Screenshot
Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *