smkedu.kz Жаңалықтар Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

| | 0 Comments | 18:14

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері де бар» десетін.
Қатты қызыққаннан оны көргісі келеді. Сол күні ауылынан шығып, осы әулиенің алдына келеді де: «Мырзам! Есіміңізді көп естідім, сізге келуге көп кешіктім,  үзірімді қабыл етіңіз» деп өтінеді.
Әулие қалжыңдап: «Біз оңайшылықпен үзірді қабыл етпейміз. Ол үшін бізге алтын беруің керек» дейді. Мұндай жауапты еш күтпеген жігіт таң қалады. Өйткені қалжыңдап айтқанын түсінбеген еді.
«Менің алтыным жоқ қой» дейді. Сонда әулие: «Үйіңде сақтап қойған қырық алтының бар ғой, соларды алып кел, үзіріңді қабыл етейін» дейді. Жас жігіт «Жарайды мырзам» дейді де, бірден ауылына қайтады. Бұрыннан егіншілікпен айналысу үшін жинап жүрген қырық алтыны бар еді. Соларды алып әкеліп тапсырады. Хазреті Бахауддин Бұхари алтындардың ішінен бір данасын алып, қалғандарын өзіне қайтарып береді. «Қалған алтындармен егіншілікпен айналысарсың» дейді.
Сосын әлгі бір алтынды көрсетіп, «Бұл алтын саған харам жолмен келген. Ал харамда ешқашан береке болмайды» дейді.
Ертеңіне адамдар бұл жігіттен: «Расында сен сол алтынды қайдан алған едің?» деп сұрағанда «Кезінде құмар ойынынан тапқан едім» деп жауап береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Бала ақысыБала ақысы

Баланың ата-анасында болған ақыларының біршамасы мыналар: 1) Келешекте бала анасымен жамандалмауы үшін, балаға ана болатын қызды жақсы жерден таңдау керек. Салиха қыз болуына үлкен мән беру керек!  

Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжіндеДін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжінде

Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев пен ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы арнайы келді. Қонақтармыз ең алдымен,